ШҰҒЫЛ! ҚҰРАЛАЙ БАЙМЕНОВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ АТАНДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ БАР

17:58, 10 тамыз 2018

Ақтөбеде "нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді. Тек биылдың өзінде 168 млн теңгенің жобалары мақұлданған. Жыл соңына дейін тағы да бұл мақсатта қомақты қаржы игерілетін болады. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.

Асхат Қожахметов ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің бірі. Көп жылдан бері ойға алған жобасы, "нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында іске асты. "Даму" қоры арқылы 6 млн теңге жеңілдетілген несие алып, тіс емханасын ашты. Қажетті медициналық жабдықтармен қамтыды. Үш адамды жұмысқа қабылдап, келген пациенттеріне сапалы қызмет көрсетуде.

АСХАТ ҚОЖАХМЕТОВ, ТІС ЕМХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Кәсіппен айналысу үшін алдымен "Атамекен" палатасына барып, кеңес алдық. Ондағы қызметкерлер, қазір кәсіпкерлікке 6 пайыздық несие беріп жатқанын айтты. Ол үшін "Даму" қорына баруымызды өтінді. Қордың арқасында кейін көп ұзамай, осы ісімізді аштық. Арманымның орындалғанына қуанып отырмын. Себебі, жеңілдетілген несиені қаржы ұйымдарының бермейтіні анық.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл 24 жоба мақұлданған. Олардың арасында, әсемдік салны, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сауда-саттық және өндіріске арналған бағыттар бар. Бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлер 15 млн теңгеге дейін несие ала алады. Ең бастысы, пайыздық үстемақысы төмен. Қаражат - "Даму" қорының қолдауымен екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:57, 12 желтоқсан 2018
"ЗЕРЕК" БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
17:38, 12 желтоқсан 2018
ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ШЫҒАРМАҒА ҚОСТЫ
Толығырақ...