ШҰҒЫЛ! 969 адам жұмыспен қамтылды Толығырақ

Кәсіпкерлікті дамытуға 5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді

17:52, 13 қыркүйек 2017

Ақтөбеде шағын және орта бизнес субъектілерінің қатары артты.

Олар мемлекеттен қолдау тапқан стартап жобалар. Нәтижесінде, отандық өнімдерді шығарып, жаңа жұмыс орындары құрылды. Бүгін облыстық кәсіпкерлік басқармасы "Даму" қорымен бірлесіп, журналистерге пресс-тур ұйымдастырды.

Жас кәсіпкер Алуа Елеуова биылдан бастап стартап жобаны қолға алды. "Qazaq Food Group" серіктестігі "Гармония" брендімен ұн өнімдерін және кондитерлік тауарлар шығарады. Компания өнімдерінің 10 түрі ішкі нарықта сұранысқа ие, облыс және қала базарларында сатылады. Биыл "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында "Қазақстанның Халық банкінен" жылдық жеті пайыз өсіммен 15 млн.теңге несие алып, өндіріске арналған құрылғы сатып алды. Компанияға "Даму" қоры кепіл болды. Нәтижесінде 15 жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпкер болашақта ісін кеңейтіп, "Кондитерлік фабрика" инвестициялық жобасын жүзеге асыруды көздейді.

МЕЙІРХАН ЖАНКЕЛДІҰЛЫ, "ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

Біздердің берген көмегіміз бұл "Бизнестің жол картаасы 2020" бағдарламасы аясында мемлекеттік жеті пайыздық субсидияны яғни, кәсіпкердің несиесін жеңілдету үшін төлеп беру болып табылады. Және де жетпеген кепілдік мүліктеріне қосымша кепілдіктер беру

Ал, жеке кәсіпкер Любовь Ена металлдан жиһаздар жасайды. Ол "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы арқылы "Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкінен 20 млн.теңге несие алды. Қаражатқа Қытайдан құрылғы сатып әкелді. Мұнда күніне тапсырыс бойынша 150-250 жиһаз дайындалады. 14 адам еңбек етеді. Өз тауарымен Қазақстанды қамтып отырған кәсіпкер болашақта Өзбекстан, Ресей нарығына жиһаздарын шығаруды жоспарлап отыр.

ЛЮБОВЬ ЕНА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Алған қаражаттың 15 пайызы "Сбербанк", ал жеті пайызын мемлекет субсидиялайды. Біздің кәсіпорын тек Ақтөбеде ғана жұмыс жасамайды. Астана, Атырау, Алматы және Шымкент қалаларында өкілдеріміз бар. Үйге және кеңсеге арналғанк шкафтар және пошта жәшіктерін шығарамыз. Бүгінде кәсіп ашамын десеңіз мемлекеттен қолдау бар. Тек, мүмкіндікті пайдалану қажет.

Мемлекеттен қолдау тапқандардың бірі - жеке кәсіпкер Айтжан Ұзақпаев. Ол "Айзере" маркасымен ыдыс-аяқ жууға арналған губка шығарады. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 9,5 млн.теңге несие алды. Кәсіпорын жылына 4 мыңға жуық өнім өндіреді. Тауары қазір Ақтөбе облысының сауда орындарында сатылады. Алдағы уақытта Батыс өңіріндегі өзге аймақтарға да жөнелтілмек.

АЙТЖАН ҰЗАҚПАЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Әзірге мұндай өнімдер Қазақстанда жасалмайды. Біздің нарыққа Белорусь, Ресей және Украинадан тасымалданады. Осыны ескеріп, кәсіп ашуды жөн көрдім. Алдымен ресейлік мамандардан тәжірибе жинап, технологияны меңгердім. Кейін, бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаны естідім. Несие алдым. Кәсіпкерлерге көмек беріп жатқан мемлекетке алғысымды айтамын

Бүгінде кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен қолдау бар. Биыл осы мақсатта өңірге 5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді.

ГҮЛШАТ БЕРКАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Жылма жыл осы кәсіпкерлікті дамытуға көп қомақты қаржы бөлінеді. Мысалы, атап айтсақ, биылғы жылы 4 миллиард та 800 млндей қаржы бөлінді. Жыл басынан бері 670 кәсіпкер қолдау тапты. Соның ішінде 480-ге жуығы ауыл мен аудандарда іске асырып жатыр

Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеру бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Осы бағытта елімізде азаматтарға «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы мен «Даму» қорының қолдауымен тиімді несие берілуде . Мәселен, "Даму" қоры 85 пайызға дейін кепілдік, үкіметтен 7-10 пайыздық субсидия беріледі.

Жұлдыз Алмасқызы, Нұрбек Отаров

Тақырып бойынша материалдар

12:51, 24 қараша 2017
Жер телімдерін жалға беру аукционы өтеді
Толығырақ...
"Нарқыз" дастаны тұңғыш  рет сахналанды
12:47, 24 қараша 2017
"Нарқыз" дастаны тұңғыш рет сахналанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...