ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

18:06, 4 қазан 2019

Кәсіпкерлік қызметті қолдаудың Жол картасы бекітілді. Ақөбеде кәсіпкерлік саласына қолайлы жағдай жасау  мәселелерін  талқылаған   жиын өтті. Ауқымды басқосуда құжаттың талап-тармақтары жан-жақты талқыланды. Оның ішінде бизнес иелерін әкімшілік кедергілерден қорғау да қаралған. Цифрларға көз жүгіртсек, облыста белсенді орта және шағын бизнес субъектілер саны 58 мыңнан асты. Өткен жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға өскен. Шағын және орта бизнесте 140 мыңнан аса адам  жұмыс жасайды. Ал, бизнес субъектілерінің өндірген өнімі 158 миллиард теңгені құрады.  Өңірде бизнес ортаны дамыту мақсатында нақты реформалар жүргізілді деді өз сөзінде аймақ басшысы Оңдасын Оразалин. Дейтұрғанмен, кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілер жасау деректері де жоқ емес. Былтыр кәсіпкерлерден келіп түскен 283 өтінішітің 164-і  оң шешілді.  Мысалы, "Green Capital Kazakhstan"  серіктестігін мемлекеттік кіріс комитетінің кеден органдары жоспардан тыс тексеру ұйымдастырып, 350 млн теңге қосымша баж салығын салған. Фирма өкілдерінің айтуынша, бұл соманың қайдан пайда болғанын ешкім нақты түсіндіріп бере алмапты. Ақыры, инвестор өз мүддесін қорғау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүгінген. Нәтижесінде, кеденшілердің ісі заңсыз болып, қосымша салық салу тоқтатылған. Тексере келе, салық сомасы қысқартылды.  Жиынға арнайы келген   Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетовтың айтуынша, кәсіпкерлердің құқын  қорғау барлық мемлекеттік органдармен бірлескен түрде жүргізіледі.

БОЛАТ ПАЛЫМБЕТОВ /ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ

- жұмыс топтары құрылды. Саладағы проблемалар бірнеше бағытта жүргізілуде. Бірқатары жол картасы шеңберінде бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, жоғарғы сот, Премьер министрдің кеңсесі арқылы  шешіліп жатыр.

Жиын соңында кәсіпкерлерік қызметті қолдауға арналған Жол картасы бектілді. "Жол картасы"  11 пункіттен тұрады. Онда онлайн бизнестен бастап, субсидияға дейін  кәсіпкерлерді қолдау шаралары жан-жақты  көрініс тапқан.

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...