ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІ ӨТЕДІ

17:54, 11 қыркүйек 2018

Ақтөбеде алғаш рет Азия деңгейінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты айқаста WBC және NBA нұсқалары бойынша чемпион атақтары анықталады. Бұдан бөлек, шаршы алаңда 11 жекпе-жек болады.

Ауқымда шара "Tukeshov boxing promotions" компаниясының ұйымдастыруымен және облыстық спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі. Оған Қазақстаннан өзге, Әзірбайжан, Белорусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Филиппин елдерінің өкілдері қатысады.

Шаршы алаңда ел намысын Ибрагим Ескендір, Уәлихан Бисенқұлов, Арман Рысбек, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы және ақтөбелік боксшылар Дастан Сәдуұлы мен Медет Айдос қорғайтын болады. Ал, басты айқаста WBC нұсқасы бойынша Азия чемпионы және NBA нұсқасы бойынша Inter Continental чемпионы атақтары сарапқа салынады. Басты жекпе-жекте шымкенттік Бобыржан Момынов пен филиппиндік Ибгос Жанжесси 66 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Шараға құрметті қонақ ретінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Қанат Ислам, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов, олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев пен екі дүркін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қатысады. Бокс кеші 15-ші қыркүйек күні сағат 17.00-де "Қоныс" спорт сарайында болады. Кіру ақысы 2 мыңнан 7 мың теңгеге дейін. Билеттер "Нұрдәулет" сауда үйінің кассаларында сатылады.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
22:06, 20 маусым 2019
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21:49, 20 маусым 2019
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
21:41, 20 маусым 2019
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар