ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ АЛАҢДАТТЫ Толығырақ

КӘСІПОРЫНДАР АУА ТАЗАЛЫҒЫНА ЖАУАПТЫ

16:53, 11 сәуір 2019

Қаладағы кәсіпорындар қоршаған ортаның ластанбауына жауапты. Облыс әкімінің тапсырмасына сай бүгін жұмыс тобы екі бірдей зауытта болып, өндіріс қалдықтарының ауаға таралмауы үшін жасалып жатқан жұмыстарды тексерді. Алдағы міндеттерді айқындады.

Облыстық экология департаменті мен өзге де құзырлы органдардан құралған жұмыс тобы алдымен "Максимус" серіктестігіне келді. Бұл бірнеше жылдар спирт өндірісінің тазартылмаған қалдықтарын қалалық кәрізге құйып келген кәсіпорындардың бірі. Мұның салдарынан коллекторлар бойындағы қалдықтар ашып-құшып, жағымсыз иіс қалаға таралды. Осыдан соң, серіктестік екі жыл қатарынан жағымсыз иісті жою жұмыстарын жасады.
 

Кәсіпорын алкоголь өнімдерін шығарады. Бас инженер Ниязбек Есенқұловтың айтуынша, заманауи жабдықтар орнатылғалы бері өндірістің қоршаған ортаға зияны жоқ. Шикізат толық өңделеді.  

Экологиялық талаптың сақталу - басты талап. Сонлдықтан, серіктестік өндірістік ағынды суды тазалауға арналған вакуум-булау жабдығын орнатып, биологиялық өңдеуден өткізуде. Ал, жалпылай алғанда, Ақтөбенің экологиялық ахуалы бақылауда дейді мамандар.    
Бұдан кейін жұмыс тобы "Ақтөбе өндірістік компаниясына" барды. Кәріз жүйесінен жағымсыз иіс шықпауы үшін "Ақбұлақ" АҚ-да, тұрақты түрде тексеруді жүйелі жолға қойған.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
20:54, 17 шілде 2019
КИІКТЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҚОРҒАЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
20:53, 17 шілде 2019
ОБЛЫСҚА 16 МЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар