ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

КӘСІПТІҢ БІР БАҒЫТЫ - ҚҰС ӨСІРУ

19:52, 15 қазан 2019

Тауық өсіру - қиын шаруа емес. Тек ынта керек. Бизнесін 7 тауықтан бастаған кәсіпкер өз тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта "Агробизнес-2020" бағдарламасына қатысып,  кәсібін кеңейтпек. Жалпы, құс шаруашылығымен айналысамын деушілерге мемлекеттен қандай қолдау бар? Базарбай Ақниязовтың тауық өсірумен айналысқанына биыл 4-жыл. Алғашқыда ауласына 7 тауық әкелген. Ал қазір құстардың саны 300-ге жеткізген. Тауықтарының ас мәзірі ерекше. Шөппен қоса, көкөністің түр-түрін жейді. Кальци мен темір қосуды да ұмытпаған жөн,-дейді кәсіпкер. Негізі оның мамандығы - тіс дәрігері. Медицина саласынан зейнетке шығып, табиғи таза өнім өндірісін қолға алған. Базарбай Ақниязов кәсібін отбасылық бизнес дейді. Құс өсіруге ұлы көмектеседі. Биыл жазда тауықтары 500-ден астам жұмыртқа берген. Енді осы кәсіпті кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол үшін қала сыртында 20 соттық жері дайын. Тек қаржы тапшы. Құс өсіріп отырған кәсіп иесі туралы толығырақ Ақтөбе телеарнасынан қазанның бірі күні, сағат кешкі 17.30-да "Қазақстанда жасалған" хабарында көрсететін боламыз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Оңдасын Оразалин ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікқали Брекешевпен және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің геология комитеті төрағасы Талғат Сатиевпен кездесті.
15:39, 30 шілде 2020
Оңдасын Оразалин ҚР экология, геология және табиғи ресурста...
Толығырақ...