ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

ҚОБАДА АУДАНЫНЫҢ КҮНДЕРІ

19:09, 14 қыркүйек 2018

"Туған жерім-нұрлы елім" акциясы аясында бүгін облыс орталығында Қобда ауданының күндері басталды. Акция барысында қобдалықтар ақтөбеліктерге ауқымды бағдарлама ұсынды. Аудан өнерпаздарының концерті, қайырымдылық шаралар, жәрмеңкелер екі күн бойы өтеді.

"Өмір сыйла өзгеге". Қобдалықтардың алғашқы шарасы осылай аталды. Облыстық қан орталығында аудан тұрғындары қан тапсырды. Бұл шара көпшілікті донор болуға шақыру, қайырымдылық істерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

"Жан жылуы" деген келесі шараны қобдалықтар "Жұбановтар әлемі" орталығында ұйымдастырды. Мұнда қобдалық студенттер 30-ға жуық өнерлі жастармен кездесті. Мерекелік шара қалалық сал ауруына шалдыққан азмататтарды қолдау орталығының мұрындық болуымен өтті.

Бұдан соң, қобдалықтардың шаралары Нұрпейіс Байғанин атындағы балалар кітапханасында жалғасты. Бақытты бала жылы жобасы аясында Қобда аудандық  балалар кітапханасының ұжымы  "Біз-бақытты баламыз" атты балалар байқауын  ұйымдастырды. Бұған дейін ауданда ұйымдастырылған сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Ұлағат Арғынұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар