ШҰҒЫЛ! КӨРЕРМЕН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ AKTOBETV.KZ САЙТЫНДА Толығырақ

Қобда ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

18:39, 12 ақпан 2018

Биыл Қобда ауданында ауыз су құбыры және газ тарту жұмыстары жалғасады. Үш аусыммен оқыту проблемасы шешілді. "Туған жер" бағдарламасы, мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында және бюджет қаражаты есебінен биыл 90 жоба жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі халық алдындағы есебінде айтып берді.

Бұл Қобда ауданына қарасты Талдысай елдімекені. Тоқырау жылдары халқы үдере көшіп, тұралап қалған еді. Енді қайта жанданып жатыр. Село тұрғыны Сағын Алтынбекұлының айтуынша, шаруашылықтар ауылдың дамуына үлес қосып отыр. Мұнда көшіп келушілер көбейіп, тұрғын үйлердің саны 300-ге жуықтады. Мыңнан астам тұрғыны бар ауыл былтыр өз алдына округ болып құрылды.

Қобда ауданында былтыр 3 ауылға су құбыры тартылды. Нәтижесінде, халықтың 75 пайызы таза су ішіп отыр. Ал, аудан тұрғындарының 47 пайызы ғана көгілдір отынның игілігін көруде. Халық алдында есеп берген аудан әкімі биыл 4 ауылға газ құбыры тартылатынын айтты.

Кездесуге шалғай ауылдардың тұрғындары да келді. Ресеймен шекаралас жатқан жиренқопалықтар көрші елге кедергісіз өту мәселесін көтерді.

Былтыр Ақтөбеге Ресей Үкіметінің өкілдері келген кезде осы мәселе көтерілген еді. «Жиренқопа-Первомайское» өткізу пункті үзіліссіз жұмыс жасаса, екі ел арасындағы экономикалық байланыс жақсара түседі дейді тұрғындар. Аудан әкімі есебінде екі тарап бұл мәселені бірлесе шешуге келіскені айтылды.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

АПТА ТЫНЫСЫ. ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАЛДЫ
11:04, 16 ақпан 2019
АПТА ТЫНЫСЫ. ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАЛДЫ
20:31, 15 ақпан 2019
ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨРЕРМЕН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ AKTOBETV.KZ САЙТЫНДА
19:10, 11 ақпан 2019
КӨРЕРМЕН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖАУАБЫ AKTOBETV.KZ САЙТЫНДА
Толығырақ...
КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН  ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА - 30 ЖЫЛ
18:02, 11 ақпан 2019
КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА - 30 ЖЫЛ
Толығырақ...