
Дәл осы тақырып бүгін қалалық мәдениет үйінде де талқыланды. Мұнда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұлов пен қала әкімі Мавр Абдуллин қабылдау жүргізді. Басшылар көпбалалы, мүгедек бала асырап отырған аналардың сұрағын жеке тыңдап, жауап берді. Көбін пәтер, жер кезегі алаңдатып отыр. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек кезінде студенттердің шәкіртақысы есептелмейтіні түсіндірілді. Тек жұмыс істеген отбасы мемлекеттік көмекке қол жеткізе алады.