ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

19:50, 21 қараша 2019

Бүгін облыстық қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті. Әдеттегідей кеңес мүшелері мемлекеттік орган өкілдерін сұрақтың астына алды. Онда облыстағы негізгі азық-түліктің бағасын реттеу механизмі сөз болды. Жиынға құзырлы департамент басшылары қатыспады. Ал, өзге қызметкерлер сұраққа нақты жауап бере алмады. Толығырақ келесі бейнематериалда. Осы жылдың қазан айынан бастап облыста ұн, күріш, қарақұмық, сүт және жұмыртқа бағасы екі есеге қымбаттаған. Бірінші кезектегі азық-түлік бағасы тұрақты емес. Ал, қызанақ, қияр секілді көкөністердің құны қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіріп тұр.

МАЯ БИМЕНОВА

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

 Өткен жылы "Рамазан" ЖШС-гі 1-ші және 2-ші сұрыпты жұмыртқа бағасын көтеріп жіберді. Қазіргі таңда әлеуметтік және 1-ші сұрыпты нан бағасын өсірген компаниялардың жұмысына талдау жасалып жатыр.

Жергілікті жылыжай өнімдерінің де бағасы қымбат. 

Қоғамдық кеңес тауар өндіруші мен халық арасындағы делдалдардың кінәсінен баға өсіп отыр деген ойда.  

Азық-түлік бағасы талқыланған жиынға жауапты мекеме басшылары келмеді. Ал мамандар сұраққа толық жауап бере алмады.

 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар