ШҰҒЫЛ! ЕҢ ҮЗДІК ЕТ - 2019 Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

20:05, 15 маусым 2018

Қоғамдық көліктің жолақысын көтеру туралы ұсыныс қанағаттандырылмады. "Автопарк" серіктестігінің тарифке қатысты тапсырған құжаттарынан бірнеше олқылық анықталды. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы мәлімдеді. Руслан Төреғалидің айтуынша, автобустардың шығуы дұрыс реттелмеген, жолаушыларға билет жүйелі таратылмайды, әрі көліктердің сапасы сын көтермейді. Өз міндетін тиісті атқара алмаған серіктестіктіктің бағаны көтерем дегені әзірге бос әуре сарсаң болып отыр. Ең бастысы бір автобусқа күніне қанша жолаушының мініп түсетіні де белгісіз. Ал, оны анықтау үшін компания электронды билет жүйесін енгізуі тиіс. Сонда ғана тарифке қатысты ұсыныс қайта қаралуы мүмкін дейді - жауапты мамандар.

Бүгінгі күні қала ішілік жолаушылар тасымалымен екі мекеме айналысады. Барлығы 52 бағыт бойынша автобус жүреді. 36-сы "Автопарк" серіктестігіне, 16-сы троллейбус паркіне тиесілі. Жолақының қымбаттауына жергілікті билік қана емес, тұрғындар да наразы.

Тақырып бойынша материалдар

12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...