ШҰҒЫЛ! 969 адам жұмыспен қамтылды Толығырақ

Көктемде жоғалған Астана тұрғынының денесі көлігімен бірге өзеннен табылды

20:09, 16 шілде 2017

Биылғы сәуір айында із-түзсіз жоғалып кеткен Астана қаласы тұрғынының денесі көлігімен бірге Ақмола облысындағы өзеннен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. «16 шілде күні сағат 08.47-де Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Сабынды ауылдық округі, Алғабас ауылынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде Нұра өзенінен «Toyota Runner» маркалы көлік судан шығарылды. Ішінен 22 сәуір күні балық аулауға кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткен 1984 жылы туған ер адамның денесі табылды», - деп хабарлады Иманқұлов. «ҚазАқпарат» агенттігі ағымдағы жылдың сәуір айында елорда тұрғыны Берік Құсайынов әріптестерімен бірге балық аулауға кетіп, үйіне қайтып оралмағаны туралы жазған еді. «Ақмола облысы бойынша, жақын ауылдарда және Нұра өзенінің бойымен жан-жақты іздестіру шаралары жүргізілуде. Іздестіру ісі қозғалды, оның аясында жоғалған ер кісіні іздестірудің барлық қажетті шаралары қолға алынып жатыр», - деп атап өткен болатын Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Ал Берік Құсайыновтың зайыбы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында оның жанында болған әріптестері үйлеріне оралғандарын, бірақ қойған сұрақтарға жауап бергілері келмейтіндігін айтқан болатын. «Күйеуім әріптестерімен бірге кеткен, бірақ олар күйеуімсіз қайтып келді. Мен аудандық Ішкі істер бөлімінде болдым, олардың бірі сонда отыр. Менің қойған сауалдарыма ол жауап қатпады. Біз оның жанында отырдық, ол маған тіс жармады, іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқандығын айтпады, амандаспады да. Ол кісі үн-түнсіз үстелге қарап қана отырды», - деді ол. Ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған болатын. Онда Берік Құсайыновтың 1984 жылы туғандығы, үйден 19:00 шамасында әріптестерімен бірге Ақмола облысы Сабынды ауылына қарай балық аулауға шыққаны туралы хабарланған. Ол өзінің Toyota 4Runner көлігімен кеткен.  

Дереккөз: inform.kz 

Тақырып бойынша материалдар

12:51, 24 қараша 2017
Жер телімдерін жалға беру аукционы өтеді
Толығырақ...
"Нарқыз" дастаны тұңғыш  рет сахналанды
12:47, 24 қараша 2017
"Нарқыз" дастаны тұңғыш рет сахналанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...