ШҰҒЫЛ! 400 АДАМ АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

КӨКТӨБЕДЕ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

17:16, 15 мамыр 2019

 Хромтау ауданының Көктөбе ауылында футбол алаңы ашылды. 500-ден аса тұрғыны бар ауылда бұрын соңды спорт алаңы болмаған.  Бірақ, бұған қарамастан жас спортшылар  қала чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып жүр. Спорт алаңы жеке демеушілік қаражатына салынған. 

Ауыл түлегі Бауыржан Қалиевтың қаражатына салынған футбол алаңы мереке мерейін асырған істің бірі болды. Ұзындығы 42, ені 22 метр болатын алаңға жасанды төсеніш төселіп, талапқа сай жабдықталған. Спорттық нысан құны - 5 млн теңге.

Жаңа  алаңның ашылуына орай селолық округтер арасында футболдан турнир ұйымдастырылды. Жергілікті басшылықтың айтуынша,  биыл хоккей алаңын салу жоспарланып отыр.
Салтанатты шараға жиналғандарды аудан әкімі Аманғали Бердалин құттықтап, тілегін жетккізді.  Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін  бірқатар азаматтарды марапаттады. Ауыл жастары үшін салынған футбол алаңына үлкендер жағы да дән риза.

Көктөбеліктер бұдан соң ауыл іргесіндегі бәйге өтетін алаңға жиналды. Көпшілік шабандоздарға қызу қолдау көрсетіп, жарыстың көркін келтірді.  Аудан өнерпаздары өнер көрсетіп,  жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Тақырып бойынша материалдар

"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:11, 23 тамыз 2019
"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
19:44, 23 тамыз 2019
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...