ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ Толығырақ

ҚОҚЫС УАҚЫТЫЛЫ ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ

22:16, 3 шілде 2020

 Қаладағы қоқыс шығару мәселесі әлі бірізге түспеді. Тұрғындардың аула ішіндегі қазіргі жағдайға көңілі толмайды. Жеке үй иелері апта емес, ай тұрып, иістеніп кететін тұрмыстық қатты қалдықты шағару мәселесін тағы қозғады. Бүгінгі күні қала 23 учаскеге бөлінген. Оның тазалығына екі мекеме жауапты.  Десе де  олардың жұмысына халық  разы емес. Әріптесім Дархан Мектепбай жалғастырсын. 
Бұл қаламыздың Заречный-2 елдімекені. Мұндағы тұрғындар қоқыстың уақытылы шығарылмайтынын айтты. Кестеге сәйкес, жауапты кәсіпорын тұрмыстық қалдықты аптасына екі рет жинап, алып кетуі тиіс. Алайда, тұрғындардың айтуынша, олар 20 күнде бір рет, кейде айына төбе көрсетеді. "Уақытында алынбағандықтан қоқыс жәшіктерінен адам төзгісіз иіс шығады" дейді олар.
Ал, жауапты мекеме басшылығы болса  жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілетінін айтып, ақталды. Серіктестік өкілі бұл мәселені жеке бақылауға алатынын айтты.
ТЕЛЕФОН
ЖОЛМЫРЗА  ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ
СЕРІКТЕСТІК ӨКІЛІ
Бұл жағдайдан хабардармын. Кейде техникаларымыз бұзылып, жұмысқа шықпай қалған күндеріміз болды. Бірақ, қоқыс шығаруды кесте бойынша жүргізіп келеміз. Енді менің қадағалауымда болады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта аймақта екі қоқыс шығаратын серіктестік жұмыс істейді. Қаланың барлық аумағы оларға бөлініп берілген. Бұдан басқа, "Ақтөбе Опен" мобильдік қосымшасы әзірленуде. Оны орнатқаннан кейін қала тұрғындары бұл мәселе бойынша учаскелерді және жауапты органдардың атқарып жатқан жұмыстарын көре алады. 

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
16:57, 7 тамыз 2020
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар