ШҰҒЫЛ! Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр Толығырақ

Қоқыс жәшіктері жанындағы бейнебақылау камералары істен шыққан

21:40, 16 мамыр 2017

Қоқыс жәшіктерінің маңында егеуқұйрықтар қаптап кетті. Бейнебақылау камералары істен шыққан. Көпқабатты үйлердің тұрғындары қоқысты бей-берекет шашып жатыр. Тургенев көшесіндегі №96 және №98 үйлердің тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды.

Қоқыс жәшіктерінің қасына бейнекамера 2012 жылы орнатылыпты. Былтыр белгісіз себептермен алынып тасталған. Тұрғындар құрылғыны қайтып қойса жақсы болар еді дейді. Өйткені, бейнекамераның ықпалы жұртты еріксіз тазалық сақтауға үйреткен.

АЗАМАТ ЖӘНІБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Бұл мәселеден бөлек, тұрғын үй ауласындағы балалар алаңы мен демалыс орнының жоқтығы бос уақытын өткізетіндер үшін кедергі. Тұрғындар ескірген ойын жабдықтары жаңаланса, нұр үстіне нұр болар еді деп отыр.

БАҚЫТЖАМАЛ ТАРБАҚОВА, КОНДОМИНИУМ

Тургенев көшесіндегі қоқыс жәшіктерінің маңында  бейнекамералар бар. Алайда олардың жұмыс істейтіндігі күмән тудырады. Мәселен, көше бойындағы жәшіктің маңы әрқашан қоқысқа толы болады екен. Тіпті, лас аумақта егеуқұйрықтар пайда болыпты. Тез жетілетін, өсімтал тышқандардың көзін құртпаса, ол үйлерге кіруі әбден мүмкін деп қауіптенді қала тұрғыны Бекболат Алдамжаров.

БЕКБОЛАТ АЛДАМЖАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

- Кеше қоқыс тастауға келдім осы жерге. Қораптың ішінде төрт үлкен егеуқұйрық жүр. Егер тышқан тұқымдастар балалайтын болса, мәселе ушығады. Үйлерге кіреді. Ауру өршиді. Сондықтан тазартып, тез арада улау керек.

Бүгінде қалада 80-ге жуық бейнекамераның 50-і қоқыс жәшігі маңына қойылған. Тәртіптің жоқтығынан бейнебақылау камералары сынып жатқан көрінеді. Ортақ база жасақталғаннан кейін, мамандар қадағалауды күшейтпек. Бұзақылық жасағандар жауапкершілікке тартылмақ. Ал тұрғындар шағымданған, құрылғының қайта орнатылуы қаржыға байланысты.

ЖОМАРТ БАҚЫТГЕЛДІ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ақтөбедегі көпқабатты үй аулаларынан қоқыстар жинауға "Таза қала" және "Ақжол" кәсіпорындары жауапты. Жалпы, тұрғындардың өздерінің тазалық сақтамауы, қоқысты кез келген жерге лақтыра салуы жиілеп кеткен дейді мамандар.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтуде
12:57, 20 қазан 2017
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
20:06, 13 қазан 2017
Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
Толығырақ...
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...