ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ

15:28, 27 шілде 2020

 Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша  130 жабайы қоқыс орнының көзі жойылды. Мұндай жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Өкініштісі - өңірде қалдықты заңсыз төгетін орын көбейген. Дер кезінде тазарту жұмысы жүрмесе, экологиялық жағдай ушығуы мүмкін. Бұл шаруаны өз міндетіне  алған серіктестік жұмысын туралы келесі бейнематериалда. 
Ең қиын шаруа - біреудің шашып кеткен орнын тазалау! Саналы адам ауласынан шыққан қоқыс қалдығын белгіленген жерге апарып төгеді. Ал, мұндай заңсыз орындардың саңырауқұлақтай қаптауын тұрғындардың жауапкершілігіне қалдырдық. Бүгінгі күнге дейін 130 қоқыс орны тазартылған. 
Ғарыштық барлауда қоқыс үйілген 747 жер учаскесі анықталған. Біз болған аумақтың тазалығын мойнына алған кәсіпорын басшысы жұмысты барынша тез аяқтаймыз деп отыр.  
Жиналған қоқыс қалдығы арнайы белгіленген жерге жеткізіледі. Астана ауданына қарасты осындай орынға тазалық жұмыстарын жүрігізіп жатқан тағы бір серістікстік бар. Мұндағылар бір айда тазалаймыз деп отыр. 
Мұндай жұмыстар барлық ауданда жүргізіліп жатыр. Себебі экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің пәрменімен қалған 617 қоқыс орнын жинау үшін кесте жасалған. 

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 1 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...