ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

КӨЛІК ТІЗГІНДЕСЕҢ, ЕРЕЖЕНІ ЕСКЕР

11:28, 13 қазан 2020

 Заң жауапкершілікті арттырып, бақылау күшейгенімен жол ережесіне салғырт қарайтындар қатары азаймай отыр. Ішімдік ішіп, көлік тізгінтейтіндер әлі де бар.  Шұбарқұдық ауылының 22 жастағы жүргізушісі полицияның көзіне осындай әрекетпен түскен. Оның бұрын да көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Мас күйінде рульге отырған оқиға Ақтөбе қаласында да тіркелді.
Қолданыстағы заңға сәйкес елімізде бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілерге қаралған жаза тым ауыр. Бірнеше мыңдап айыппұл төлеп, бас бостандығынан айырылуға дейін барады. Тіпті, өмір бойы көлік тізгініне отыра да алмайды. Соның өзінде тәртіп бұзу дерегі азаяр емес.
Бүгінгі күні осы аталған екі оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі жүргізуші болса қамауға алынған. Ал, облыс көлемінде өтіп жатқан "Борышкер" шарасының маңызы өте жоғары. Мамандар арнайы қондырғы арқылы мемлекетке түрлі деңгейде бережағы бар көлік иелерін тоқтата алады. 
Көлік тізгіндесең - ережені ескер. Ал, тәртіп бұзып, айыппұл арқаласаң қарызыңды төле. Бүгінгі шараның мақсаты да осы. Мамандардың бір күнгі жұмысының өзі нәтижесін көрсетті.
Полиция өкілдері жүргізушілерге көлікті масаң күйде басқармауды қатаң ескертеді. Соңы орны толмас өкінішке алып келмесін десеңіз, жол ережесін ескеріп жүрейік.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...