ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

КӨМЕК КЕРЕК: +7 776-479-17-87, +7 701-637-60-23

22:00, 22 мамыр 2020

Қаламыздағы автобустардың бірінде кондуктор боп жұмыс істейтін Әйгерім Қарасаева оқыс жағдайға ұшырады. Қызметте жүріп, аяқ астынан қан қысымы көтерілген ол қазір жедел жәрдем ауруханасында ес-түссіз жатыр. Алдағы тағдыры белгісіз. Ал жалғызбасты ананың шиіттей үш баласын бауыры қарауына алды. Әрі-сәрі күй кешкен отбасының жағдайын біздің арна тілшілері көріп келген еді. Мұқтаж отбасының тілегі бар. Көрейік. Алаңсыз ойнап жүрген бұл балапандар Әйгерімнің ұл-қыздары. Жастары тетелес. Аналары болса ауруханада өлім мен өмірдің арасында жатыр. Қараусыз қалған балаларды Әйгерімнің нағашысы үйінде алып, күтімін жасады. Бұл хабарды естіген апасы Қызыорда облысының Арал ауданынан шұғыл жетті. Жалғызбасты ана осыдан үш-төрт жыл бұрын кішкентай ұл-қыздарымен Ақтөбеге келіпті. Өзі ата-анадан ерте айырылған. Пәтер жалдап, балаларын бес күндік балабақшаға орналастырды. Тыбдай еңбектенді. Жығылғанға жұдырық. Жүгіріп жүріп, ауыр халге душар болды. Жақындары жанына бара алмайды. Жансақтау бөлімінің талабы бұл. 33 жастағы Әйгерімнің жайына алаңдаған әріптестері қарап қалмай, қолынан келгендерінше қолдау білдіріп жатыр. "Бірақ біздің кішкентай көмегіміз теңізге құйған тамшыдай ғана" дейді олар.
Бір ананың тағдыры, бір отбасының өмірі. Біз жомарт жүректі жандардың, ерікті топтардың бұл мәселеге жанашырлықпен қарауын қаладық. Әйгерімнің ұл-қызы болса аналарын іздеп, сағына жылайды...

 

ДАРХАН МЕКТЕПБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 28 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...