ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ ТӨМЕНДЕДІ

19:31, 19 ақпан 2019

Елімізде бірінші қаңтардан бастап коммуналдық қызмет тарифтері арзандады. Қазіргінің өзінде тарифтердің төмендегенін ақтөбеліктер сезінуде. Бүгін облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы көпқабатты және жеке сектордағы үйлерге барып, тұрғындармен кездесті. Түбіртектегі айырмашылықтарды айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осыдан бір ай бұрын Әуе қалашығы ауданындағы №10 үйдің тұрғындары "Трансэнерго" мекемесінен келген түбіртекке қатысты шу көтерді. Олар "төлейтін сома көп" деді. Кейін мәселе қаралды, тиісті департамент монополист кәсіпорынды айыппұл салып, жауапкершілікке тартты. Қазір жағдай мүлдем басқаша. Төмендетілген тарифтің түбіртегін ақпан айында қолына алған ақтөбеліктер "қалтамыз қалыңдады" деп отыр.

"Трансэнерго" мекемесінің 86 мыңдай тұтынушысы ыстық су мен жылу үшін 10,16 пайызға төмен төлеуде. Жылу энергиясын есепке алу аспабы бар үйлердің тұрғындарына тариф бір гигакалория үшін 2805 теңге 45 тиын болса, енді 2520 теңге 32 тиын. Ал жылу энергиясын есепке алу құралы жоқ үйлердің тұрғындары жылудың бір гигакаллориясы үшін 4208 теңге18 тиын төлеп келді. Бұдан былай олар 3780 теңге 48 тиын төлейді.

Жарық, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қоқыс шығару сияқты қызмет түрлеріне де төмендетілген жаңа тарифтер   белгіленді. Жеке тұрғын үй секторында тұратын Өрік Муменова "ҚазТрансГазАймақ" мекемесіне қаңтар айында аз төлеген. 180 шаршы метрлі үйін газбен жылытуға 1800 теңге үнемдепті.

Аудандарда да жағдай бірқалыпты. Монополист мекемелер шама-шарқынша тарифтерді реттеді. Елбасы тапсырмасын орындап, тұтынушыларға қолдау көрсетті.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 21 ақпан күні "Трансэнерго" мекемесі ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізеді. Тұтынушылардың барлық мазалаған сұрақтары ашық есік күнінде қаралмақ. Ал жұмыс тобы тариф құны туралы ақпаратты әлі де болса халық арасында түсіндіруді тоқтатпайды.

Гүлбағда Қайратқызы

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
 ҰРАН БАҚТЫБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
18:28, 20 мамыр 2019
ҰРАН БАҚТЫБАЙ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...