ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 16 ҮЙ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ТҰР Толығырақ

КОММУНИКАЦИЯ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ДАМУЫ

19:07, 14 қыркүйек 2018

Ақтөбе өңірі бір жылдан астам уақаттан бері «Еуропа-Азия» транзитті арнасын байланыспен қамтып отыр. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерін  талшықты оптикалық желімен біріктіру арқылы, «Қазтранском» акционерлік қоғамы ірі мұнай-газ компанияларының  ақпарат алмасу жылдамдығын арттырды. Ал, осы кабельді магистральдің жұмысын ақтөбелік мамандар жүргізіп отыр.

Ақтөбенің индустриалдық аймағы кәсіпкерлер үшін қолайлылы аумақ. Инвесторларға  ыңғайлы болу үшін, облыс басшылығы қажет коммуникацияларды өндіріске тегін тартуға мүмкіндік туғызды. Сондықтан да, 200 гектар жердің құрылыс жоспары алдағы бірнеше жылға жасалып қойды. Енді инвесторлар байланыс жағынан қам жемесе де болады. Жоғары жылдамдықты интернет, телефон,  тіпті HD-форматтағы теледидар  зауыттарға қосымша үстемесіз  қосыла алады, мұндай қызметті «Қазтранском» көрсетеді.     

Қазтранском өндіріс орталықтарынан өзге, мемлекеттік органдармен де тығыз жұмыс жасайды. Ол үшін вай-фай жүйесі, вирусқа қарсы жүйе, басқа да қорғаныс желілері іске қосылу. Инженерлер байланыс тораптарын тәулік бойы бақылауда ұстайды. Қала бойынша бірнеше торап бар. Техникалық сервис 24 те 7 қағидасы бойынша, яғни 365 күн жасалады.

Компанияда мыңжарымға жуық адам қызмет етеді. Оның 100-і  Ақтөбе филиалының серіктестерін үздіксіз байланыспен қамтумен айналысады. Инженерлер, техник-мамандардан өзге, жүргізушілердің де еңбегі орасан зор. Өйткені, спутниктерді шалғай жерлерге жеткізу оңай емес.

Компания байланыс нарығында өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жұмыс жасап келеді. Алғашқы кабельді желі Өзен-Құлсары-Куйбышев бағытындағы мұнайқұбыры магистралі болатын.  Бүгінде компанияның фиалдары еліміздің барлық аймақтарында бар.  Ақтөбенің өзінде ғана Қазтранскомның 400-ден астам серіктесі бар.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар