ШҰҒЫЛ! 969 адам жұмыспен қамтылды Толығырақ

Көңіл көтеру орындарында 500-ден астам қылмыс тіркелген

18:44, 13 қыркүйек 2017

Қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдар қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне тартылады

Қаладағы көңіл көтеру орындары мен дәмханалар, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосуы тиіс. Қала әкімдігінде өткен кеңес барасында бұл мәселе жөнінде нақты айтылды. Ал, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде немқұрайлық танытқан ұйымдарға қатаң шара қолданылмақ. Бұдан өзге, отырыста абаттандыру ережесі мен облыс орталығында тазалықты сақтау мәселесі қаралды.

Қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында алдымен облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, құқық бұзушылықтың алдын-алуға енді бұдан былай, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері тартылуы қажет. Әсіресе, мейрамханалар мен кафе басшылары ат салысуы керек. Себебі, жыл басынан бері көңіл көтеру орындары тарапынан 500-ден астам қылмыстық - құқықбұзушылық деректері тіркелген.   

ҚАНЫБЕК ЖАҚСЫҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ

- Қылмыстық істерді талдау жұмыстарының нәтижесі көңіл көтеру орындарынан шыққан адамдардың түрлі тәртіпсіздікке баратынын көрсетті. Бұл ретте, кафе-мейрамханалардың басшылары мен қызметкерлерінің қауіпсіздікті сақтауда әрекетсіздігін байқатуда. Орын алған заңбұзушылықтар көбіне сол ұйымдардың аумағында тіркелген

Қазіргі күні қала бойынша 200-ге жуық көңіл көтеру орындары бар. Бірақ, көпшілігі дерлік қауіпсіздікті қамтамассыз етпейді. Орнатқан бейнекамералары талапқа сай емес, әрі сапасы да төмен дейді жергілікті полиция қызметінің бастығы. Бұл мәселе бойынша қала әкімі Ілияс Испанов кәсіпкерлік бөлімі басшысына, мейрамхана және кафе басшыларымен бұл тұрғында нақты жұмыс істеу керектігін тапсырды. Ал, облыс орталығындағы тазалықты сақтау да өзекті. Әсіресе, контейнерлер жанында қоқыстың үйілуі жиілей түскен. Осындай жәйтке байланысты қыркүйектің алғашқы онкүндігінде 24 тұлғаға жалпы көлемі 400 мың теңгеден астам айыппұл салынған.

ҚАСЫМБЕК ҚАСЫМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

- Қазір қоқыс жәшіктерінің санын көбеуді қолға алдық. Таяу күндері тағы да қосымша 265 контейнерлердің құжаттары рәсімделіп, тиісті ұйымдарға бекітіледі

Жиында көтерілген мәселер бойынша шаһар басшысы, жауапты мекемелерден өзге, басқарушы компаниялар да қарқынды жұмыс істеу керектігін ескертті. Ал, коммуналдық ұйым қызметкерлері, тазалықты сақтауға орай жарияланған екі айлыққа тұрғындардың үлес қосуы қажет деді.

Әнуарбек Мырзатайұлы, Самат Қалекенов

Тақырып бойынша материалдар

12:51, 24 қараша 2017
Жер телімдерін жалға беру аукционы өтеді
Толығырақ...
"Нарқыз" дастаны тұңғыш  рет сахналанды
12:47, 24 қараша 2017
"Нарқыз" дастаны тұңғыш рет сахналанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
17:08, 17 қараша 2017
Такси жүргізушілеріне қатысты шағым көп
Толығырақ...