ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

КӨҢІЛДІ КАНИКУЛ

19:08, 11 шілде 2019

Қазір Ақтөбеде 60 мың бала жазғы лагерьлерде демалып жатыр. Олар үшін облыс орталығындағы 80 мектепте арнайы алаңдар жасақталып, қала сыртында 10-ға жуық лагерь жұмыс істеп тұр.  Ал аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары демалыс орындарында тегін тынығады.  Бүгін менің әріптестерім  қала сыртындағы "Ақбөбек-Вокток" лагерінің тыныс-тіршілігімен танысып, балалардың жазғы демалысын қалай өткізіп жатқанын көріп келді.Сап түзеп, таңғы жаттығуға әндете асыққан балалардың әрбір күні көңілді. 12 күндік лагерь бағдарламасы  алуан түрлі. Олар тынығып қана  қоймайды, бос уақытында  робототехника,  вокал, хореография, қолөнер, ағылшын тілі, сондай-ақ спорттық үйірмелерге қатысып, қабылеттерін шыңдайды. Табиғат аясында серуендеп, денсаулықтарын нығайтады.  Қазір "Ақбөбек-Восток" лагерінде  350 бала демалып жатыр.  Жаз соңына дейін барлығы 2000 балғын тынығады деп жоспарланып отыр. Көпшілігі облыс орталығы мен аудандардан жиналса, атыраулық ата-аналар да осы демалыс орталығына таңдау жасаған."Ақбөбек-Восток" лагері биылғы демалу маусымын Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арнаған.  Соған сәйкес, жасақтар Шалқар, Қобда, Ойыл, Мұғалжар, Темір сияқты аудандардың атымен аталады. Ал, өзге өңірден келген бүлдіршіндер үшін  облыстық тарихи-өлкетану  музейіне, ойын-сауық орталықтары мен   қаланың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылуда.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар