ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

​КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР КӘСІП АШУҒА ЫНТАЛЫ

19:11, 21 қазан 2019


"Еңбек еткен адамды қара жерде құр қалдырмайды." Бұл сұлулық  мектеп-студиясының курсын оқыған көп балалы аналардың пікірі. 15 күн тегін білім алған қатысушылар енді өз салондарын ашып, кәсіптерін дөңгелете алады. Ол үшін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы да қолдау көрсетеді. Тегін курста оқып, сұлулықтың қыр-сырын меңгергендердің бірі - Жанаргүл Мешітбаева. Жасы 42-де. 4 баланың анасы. Негізгі мамандығы қаржыгер. Ол "көп балалы кей аналар мемлекетке міндетсінбей, талпынып, қарекет қылу керек" екенін айтады. Осы қуанышты күнге жолдасымның қолдауымен жеттім. Енді осы кәсібімді дамытуға күшімді саламын,-дейді. 

ЖАНАРГҮЛ МЕШІТБАЕВА

КӨП БАЛАЛЫ АНА

Мемлекет міндетті емес. Әр ата-ана баласы үшін еңбектеніп, жұмыс істеп, заман ағымынан қалмау керек. Көп нәрсе үйрендім. Сөйлеу мәдениетін, қарым-қатынас. Өзім сияқты аналармен таныстым. Демеуші тауып беріп жатыр. Бұйырса, ауылдан клиенттер тауып, бояп, өзімді дамытамын.Жанаргүл сияқты  бастапқы кезде бұл курста көп балалы30  ана оқыған. Кейін мектеп студияның жетекшісі Әйгерім Нұрғалиева осы істі кәсіп ретінде жалғастырамын деген қатысушыларды іріктеп алған. Оның сөзінше, аналардың жұмысқа ынтасы зор. Талпыныс көңіл қуантады.

ӘЙГЕРІМ НҰРҒАЛИЕВА

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Ең жанып тұрған аналарды мен өзім оқуға шақырдым. Бұл ақысыз оқу. Тек бес ананы таңдап алдым. Аналардың ынтасы мықты. Жанып тұрған аналар. Көп балалы аналар болғанымен, біреуі Мәртөктен, бірі Құрайлыдан, бірі Бауырластардан. Күнде келіп тұрды. Таң болса да, кеш болса біздің кестеге сай болып күнде келіп тұрды. Балаларын тастап тек оқығысы келді. Бұл аналар қазір де үйде отырмаймыз дейді. Жұмыс істейміз, үйдің қасындағы шаштаразға болса да орналасмыз деген ынталары бар.

Курстан өткен қатысушыларға жергілікті кәсіпкерлер тобы керек құрал-жабдықтарын алып берді. Қарыжылай қолдау көрсеткендер де болды. 5 анаға арнайы сертификат табысталды.   

Азамат Әбілқайыр

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕДЕ ӘДЕБИЕТКЕ АРНАЛҒАН ДҮБІРЛІ ШАРА БАСТАЛДЫ
13:23, 14 қараша 2019
АҚТӨБЕДЕ ӘДЕБИЕТКЕ АРНАЛҒАН ДҮБІРЛІ ШАРА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ПЕН СЕРГЕЙ МОРОЗОВ JASTAR-ҒА КЕЛДІ
12:22, 9 қараша 2019
ЖАЛҒАС ЖҰМАҒҰЛОВ ПЕН СЕРГЕЙ МОРОЗОВ JASTAR-ҒА КЕЛДІ
Толығырақ...
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...