ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ

19:32, 24 сәуір 2019

Тұрғын үй кезегінде тұрған 32 мыңға жуық көпбалалы  отбасы үшін бөлек кезек жасалады. Осылайша олар биылдан бастап шаршы метрі 115 мың теңге болатын жалдамалы баспанаға ие бола алады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында бір топ депутаттың бастамасымен дайындалған жаңа заң жобасы талқыланды. Құжатты таныстырған депутат Шавхат Өтемісовтың сөзінше бұл заң аз қамтылған азаматтардың баспана мәселесін шешуге үлкен көмек болады.  Бағдарлама бойынша үйлер сатып алу құқығынсыз беріледі. Яғни ешқашан жеке меншікке өтпейді, бірақ, балаларыңыз қанша жасқа толса да, өзіңіз баспана алғанша тұра беруге рұқсат беріледі. Осы мақсатқа Нұрлы жер бағдарламасы бойынша жыл сайын 50 млрд теңге қаражат бөлінетін болды. Нәтижесінде жылына кем дегенде  6 мың пәтер тапсырылады. Заң жобасы бірауыздан мақұлданып, Сенатқа жіберілді. 

ШАВХАТ ӨТЕМІСОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 
- Бірінші кезекте үй алатын адамдардың қатарына көпбалалы аналар кіргізіледі. Бүгінгі таңдағы заңға сәйкес бұл құқықты тек алтын алқа алқасымен наградтталған аналар ғана алатын еді. Енді бұл құқыққа күміс алқа алғандар. Және кезінде батыр ана аталған және ана даңқы 1,2 ші дәрежелерін алғандар иеленеді. 
 

 

Тақырып бойынша материалдар

"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
19:46, 19 тамыз 2019
"АЙМАҚТЫ ӘНМЕН ТЕРБЕТІП..." БАЙҚАУЫНА - 23 ЖЫЛ
Толығырақ...
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ
16:08, 15 тамыз 2019
"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ...
Толығырақ...