Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Әйтеке би ауданының күндері аясында мәдени шаралар да ұйымдастырылды.

17:45, 17 шілде 2017   80

"Алақай" қуыршақ театрында ақын Мұхтар Құрманалиннің 90 жылдығына арналған "Нұрлы жол жұлдыздары" атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Оған Ақтөбе қаласы мен үш ауданнан үміткерлер қатысып, бақ сынасты.

Аяжан Тұңғышбай - байқауға қатысып, бақ сынаған үміткерлердің бірі. Ол - Мұхтар Құрманалиннің шығармаларын сүйіп оқиды. Ақындық қабілеті де бар. Оның "Ана", "Туған жер", "Отбасы" және "Өмір"  атты өлеңдері басылымдарға да жарияланған. Аяжан   сүйікті ақыны Мұхтар Құрманалиннің шығармаларын оқып, өзін шыңдап отырады. Өлеңдерін жатқа оқиды. Ақын, қазақ поэзиясының белді өкілі Мұхтар Құрманалиннің 90 жылдығына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына 14 үміткер қатысты. Дені - мектеп оқушылары. Олар талап бойынша ақын шығармалырын жатқа айтып, өз өлеңдерін де оқыды. Қатысушылардың өнерін ақтөбеліктерден өзге, Мұхтар Құрманалиннің бауырлары мен балалары да тамашалады. Ал, қазылар алқасының құрамында мәдениет және өнер ұжымдарының өкілдері болды. Әйтеке би ауданында ақын-жазушыларды құрмет тұту, олардың шығармаларын кеңінен насихаттау - дәстүрге айналған. Бұл ретте, кітапхана қызметкерлерінің рөлі зор,- дейді ұйымдастырушылар. Аудан күні аясында да бұл шара тыс қалған жоқ. Поэзияға жақын жастар өзара бас сынасып, жүлдегерлер марапатталды.

Әнуарбек Мырзатайұлы

 

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының ресми сайты

Ақтөбе қаласы, 030002, Т.Ахтанов көшесі, 54 үй Байланыс телефондары: 8 (7132) 22-11-44