ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛҒАН ЖОҚ

20:55, 3 ақпан 2020

 

Денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы Уханьнан 89 адамды елге жеткізгенін хабарлағанбыз. Оның сексені студент. Енді олар 14 күн бойы карантинде болады. Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, жолаушылардың ешқайсысынан коронавирус белгілері анықталмаған. Дегенмен, жұқпалы індет тарап жатқан жерден келген оларды, сақтық үшін оқшаулай тұруымыз керек дейді маман. Олардың көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Семей, Алматы, Қарағанды облыстарынан. Ұшақ бортына көтерілген кезде оларға медициналық тексеру жүргізілген. Бір әйелде ғана дене қызуы болған. Бірақ коронавиурс белгілері  анықталмапты. Келгендердің барлығы 2,3 және 4 орындық палаталарға орналастырылған. Олар инфекциялық блоктың оқашау палаталарында жатыр, дәлізге шықпайды. Карантинге байланысты студенттермен кездесу мүмкін болмады. Телефон арқылы олар елге аман-енсен оралғандарына қуанышты екенін жеткізіп, Уханьнан ұшып кетудің өзі қиынға соққанын жасырмады. Сол себепті арнайы ұшақпен елге жеткізілгендері үшін ризашылықтарын білдіруде.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар