ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

КОРОНАВИРУС: ҚАЗІРГІ АХУАЛ

22:58, 30 наурыз 2020


 Елдегі жалпы ахуалға тоқталсақ. Бір тәулік ішінде тағы 19 адамнан ковид-19 вирусы анықталды. Науқастар саны 302-ге жетіп отыр. 21 адам аурудан айығып шықса,өкінішке қарай бір адам қайтыс болды. Індет еліміздің 15 аймағына тарап үлгерген. Нұр-сұлтанда науқастар саны 168-ға жеткен. Алматыда ауруға шалдыққан 73 адам тіркелді. Қарағанды облысында 13, Атырауда 12, Ақмола облысында 9 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды.  Алматы облысында 8 деректен тіркеліп отыр.Сондай-ақ Қызылорда облысында 5, Жамбылда 3, Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында екі адамнан вирус анықталған. Маңғыстау, Павлодар, және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан табылды. Әзірге тек Қостанай мен Түркістан өңірлерінде короновирусқа шалдыққандар тіркелген жоқ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар