ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

КӨРШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТАРТЫС

21:16, 22 мамыр 2020

Қала іргесіндегі екі қабатты үйдің тұрғындары 4 жылдан бері бір мәмілеге келе алар емес. Қырғи қабақ болған көршілер өздеріне ортақ ауланы бөлісе алмай әлек. Сөйтіп ауыз су құбырын тарта алмады, кәріз жүйесі де жеткізілмеді. Бір шатыр астында тұратын, бір мәселені шеше алмаған Восточная көшесіндегі мәселенің мән-жайын тілшіміз тарқатып көрді.  Марина Сысактың "Восточная  3" көшесінде тұрып жатқанына 27 жыл болды. Содан бері ауыз суға бір жарымады. Кәріз құбыры да тартылмаған. Төбеден су сорғалап, пәтердің адам тұратын сиқы қалмағасын,  іргедегі анасының үйіне көшіпті. 4 жыл жүріп, әзер дегенде құбыр тартуға келісім алғанымен, көршілердің жерді жекеменшікке аударып алғанын білді.  
МАРИНА СЫСАК 
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім берілгеннен кейін мына дуалдарды алып тастауға сәулетші келді. Сол сәтте көршілер жердің жекеменшік екендігін дәлелдейтін құжаттарды көрсетті. Негізі жер бөлінбейтін мемлекеттік меншікке жатады. Бірінші қабатта тұратындар үйдің жоспарын заңсыз өзгертіп, өздеріне ыңғайлап алған. Тіпті су кіргізіп, кәріз құбырын орнатып, балконды дәліз етіп өзгертіп жіберген. 
Бұл көшеде 50-ден астам үй бар. Бәрі де орталықтандырылған ауыз су құбырын, кәріз жүйесін тартып, өзгелер секілді қалыпты өмір сүруді армандайды. Алайда оған еш мүмкіндік жоқ. Көршілер дауына жиналған екінші тараптың уәжі басқа. Олар өз ісінен заңсыздық көрмепті. 
КОНСТАНТИН КОЛИНИЩЕНКО 
Мен бұл жерде осы үй салынады деп шешім шығарылған кезден бері тұрамын. Үйдің айналасынан қалаған адамға жер бөлінді. Бәрі заңды, бізде қаулы бар.  Құжаттар 20 жыл бұрын берілді. Енді келіп "бұл жер мемелкет қарамағында" дейді. 
"Көрші ақысы - тәңір ақысы". Алыстағы туысыңнан, үнемі жақын болуы тиіс жандармен мәмілеге келе алмаған тұрғындар мәселенің түйінін тарқата алмай күнде қырқысады. 
Амалы қалмаған тұрғындар соттың көмегіне жүгініпті. Сот шешімі бойынша, осы айдың соңына дейін дуалды алып тастау қажет. Бұл талап орындалмаса, ауланы бұзға рұқсат бар. 

Әсем Самбаева

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар