ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

КӨРШІЛЕРДІҢ ДАУЫ

17:05, 11 шілде 2018

Қала іргесіндегі "СпецАвтобаз" саяжайында 5 отбасы шу шығарды. Оларға "Электр жарығын ұрлап пайдаланды деген" кінә тағылды. Жауапты мамандар арнайы сараптамадан өткізіп, дәлелдеп те берген. Алайда, тұрғындар бұл шешіммен келісер емес. 80 үйі бар бау-бақша ұжымында 75 үй бір жақ, 5 отбасы бір жақ болып бүгін көршілер арасында дау туды.

Ғалия Әмірбаеваның "Спецавтобаз" бау-бақша ұжымында тұрып жатқанына 13 жылдың жүзі болды. Ол отбасымен 2005 жылы Өзбекстаннан көшіп келді. Жер алды, үй салды, бау-бақша өсіріп күнелтіп келеді. Тек соңғы төрт айдан бері электр жарығына қатысты даулы мәселе шешімін табар емес.  5 күн бұрын жарықты толығымен қиып кетті дейді.   

ҒАЛИЯ ӘМІРБАЕВА, "СПЕЦАВТОБАЗ" САЯЖАЙ ҰЖЫМЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Мынандай 40 градус ыстықа кішкентай баламен жарықсыз отырмыз. Тамағымыз бәрі бүлініп жатыр. Тоңазытқыш жоқ

Саяжайды қысы-жазы паналап отырған бұл отбасылар "Коммуналдық қызмет үшін ақыны үнемі, уақытылы төлеп келеміз. Бізге артатын кінә жоқ. Электр қуатына қарызы жоқ деген қағазымыз да бар", - дейді .

АСҚАР ҚАРЖАЕВ, "СПЕЦАВТОБАЗ" САЯЖАЙ ҰЖЫМЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Мойныңда қарыз бар деп, үстімізден сотқа арыз жазды. Бірақ сот шешімі келген жоқ. Жарықты сөнідіріп тастады

Ал, бұларға саяжайдың өзге тұрғындары қарсы пікір айты. "Шу көтеріп, даурыққандары бос далбаса. Жарықсыз отырғандарына өздері кінәлі, олар пайдаланған электр жарығының ақысын неге біз бөліп төлеуіміз керек", - дейді көршілері. Жалпы, осы аумақта 80 үй бар. 75 отбасы бір жақ, 5-еуі бір жақ болып, екі бөлінген көршілердің арасында дау туды.

АЛТЫНАЙ ӘЛИЕВА, "СПЕЦАВТОБАЗ" САЯЖАЙ ҰЖЫМЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Таубаевтар мен Қаржаевтар отбасы тоқты ұрлап қосты.  Дәлел бар. Алматыдан келіп тексерді

Мәселенің мән-жайын білу үшін бау-бақша ұжымының төрағасы Ақбөпе Сатаеваны үйіне іздеп бардық. Төраға бұл отбасылардың электр қуатын ұрлап қолданғанын, өтемақысын төлемегенін растаймын. 308 мың теңге қарызы бар. Қазір сот шешімін күтіп отырмыз, заң бәріне ортақ деді.

Жарықсыз отырған 5 отбасының мәселесі дәл қашан шешілетіні әзірге белгісіз. Сот шешімі тамыз айында шығарады. Бұл уақытқа дейін электр қуатынсыз отыра алмаймыз деп дауласқан тұрғындар қала билігінен көмек сұрап отыр.

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ  АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
18:12, 25 қыркүйек 2018
WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
18:08, 25 қыркүйек 2018
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:00, 21 қыркүйек 2018
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...