ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

КӨШЕ ЖОЛДАРЫНЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

17:46, 18 қыркүйек 2019


Сапасыз жолдар - Ақтөбе өңірі үшін ең өзекті мәселенің бірі. Оған жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді, алайда төселген асфальт сүріліп, жаңа деген жолдар бір-екі жылда сыр бере бастайды. Оны уақыт көрсетіп отыр. Жол неге сапасыз салынады? 2018 жылы қала жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге бір миллиардтан астам қаржы бөлінген. Бүгін арнайы мониторлық топ Құлымбетов, Байғанин, Қарасай батыр көшелері қамтылған бес көшенің асфальт жолдарының сапасын тексерді.   Мониторлық топ барған алғашқы көшеде-ақ олқылықтар анықталды. Стандартқа сай асфальт төсенішінің қалыңдығы 10, ұзындығы 7 см болу қажет.  Негізінен жолдағы төсеніштің өлшемін анықтау техникалық бақылау мекемесінің құзырында. Алайда, бүгін ол мекеменің өкілдерін таппадық. Кемшіліктер асфальттің қалыңдығы мен ұзындығында ғана емес. Жол жиектері бөлінбей, асфальтты жолмен бірігіп кеткен. Ол құммен жабылған. Ал, мердігер болса, стандартқа сай жұмыс атқардық деп сендірді. "Мердігер мекеменің келісім-шарты үш жыл. Осы аралықта жіберілген кемшіліктерді анықтап, кетік жерлерді қалпына келтіртіп алу қажет. Өйткені, одан кейін кеш болады",- дейді мониторлық топ өкілдері.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

СТАРТОВАЛ  ПЯТЫЙ  СЕЗОН  ШКОЛЫ  ГОССЛУЖАЩИХ  "МАНСАП"
20:03, 22 қаңтар 2020
СТАРТОВАЛ ПЯТЫЙ СЕЗОН ШКОЛЫ ГОССЛУЖАЩИХ "МАНСАП"
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар