ШҰҒЫЛ! Ақтөбе облысы көш бастап тұр Толығырақ

Көз ауруларын емдейтін орталық күніне 500 науқас қабылдай алады

20:27, 12 қазан 2017

Форум қонақтары офтальмологиялық орталықта болды

"АҚТӨБЕ ИНВЕСТ-2017 "инвестициялық форумына келген қонақтар бүгін қаланың бірнеше нысандарын аралап шықты. Түстен кейін олар қаладағы салынып жатқан маңызды әлеуметтік медициналық орталықтарға барды. Солардың бірі мемлкеттік-жеке меншік негізінде бой көтерген офтальмологиялық "Дару жарығы"  клиникасы.

60 орынға шақталған заманауи медициналық көз ауруларын емдейтін орталық бір күнде 500 науқасты қабылдай алады. Жалпы алаңы 6 мың шаршы метр болатын ғимараттың құрылысы аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Аурухананы жыл соңына таман ашу жоспарланды. Мамандар қазір еуропаның жетекші медицина орталықтарында  оқытылып жатыр.

Келген қонақтарға офтальмологиялық орталықтың  мүмкіндігі, өңір үшін маңыздылығы таныстырылды. Көз аурларын емдейтін мекеменің бірегейлігі туралы қонақтар да айтып өтті.

АРА СААКЯН, АРМЕНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

- Армения елі Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі.  Ақтөбеде өтіп жатқан инвестфорум осындай байланысты нығайта түсетін керемет мүмкіндік болды. Өңірдің  инвестициялық әлеуеті зор екен, оны біз жергілікті жағдайда көріп отырмыз.  Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің дамуы қарқынды. Ол бізге үлгі болмақ. Бизнесті жүргізуде, басқа да маңызды сұрақтар бойынша басқа елдердің Қазақстаннан алатын үлгісі көп

Ертең инвестфорумның екінші күні. Өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру, инвесторларды тарту форумның басты мақсаттарының бірі. Қонақтарды әсіресе мемелкет пен жекеменшік әріптестігі негізінде жүзеге асырылып жатқан жобалар қызықтырды.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
19:28, 23 қаңтар 2018
Дәрігерлердің үстінен 101 шағым түскен
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
00:19, 20 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобустың не себепті өртенгені анықталды
Толығырақ...
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
01:16, 19 қаңтар 2018
Апатты оқиғаға байланысты арнайы хабар
Толығырақ...
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
14:17, 18 қаңтар 2018
Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адам мерт болды (ВИДЕО)
Толығырақ...