ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

Қ.ШАҢҒЫТБАЕВ МЕКТЕБІНЕ - 90 ЖЫЛ

19:52, 24 маусым 2019

Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылындағы Қ.Шаңғытбаев атындағы орта мектебіне биыл  90 жыл. Ғасырға жуық уақыт ішінде мектеп бірнеше буынның алтын бесігіне айналып, сан мыңдаған түлек өмірге жолдама алды. Қарабұтақ тоғыз жолдың торабында орналасқан, тарихи мекен. Әйтеке би ауданындағы білім негізін қалаған алғашқы білім ордасы осында. Білім ордасында талай шәкірт шыңдалған. Еңбек ардагерлері мен түлектер форумында өмір жолын қалыптастыруға үлес қосқан ұстаз есімі ұлықталып, ұрпақ санасында тағы да жаңғырды. Мектеп былтыр Қазақстанның халық жазушысы Қ.Шаңғытбаевтың есімін иеленді. Мұндай  мәртебе оқушы намысын қайрап, талабын шыңдауы тиіс дейді меймандар.  Мерекелік шара алдымен  дегдар ақынға деген құрметпен басталды. Ақынның мүсіні  мерей тойға жерлестер қолдауымен  арнайы жасатылған. Сонымен қатар білім ордасында Қ.Шаңғытбаев атындағы мұражай ашылып,  құнды экспонаттармен толықты. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған белгілі ұстаз Фирдавсия Юсупова есімі орыс тілі мен әдебиеті кабинетіне берілді. Ал тарих бөлмесі қайта жасақталып, ұзақ жылдар мектепке басышылық жасаған ұлағатты ұстаз Достан Жапаров атымен  аталды.90 жылдық той түлектер форумына ұласты. Кәсіпкер Гүлжанат Ембергенова мектеп қорына 1 милион теңге аударса, Жасталап Жанбауов жылу жүйесін жөндеп беруге уәде берді. Осылайша әр жылғы түлектердің қолдауымен  қара шаңырақ білім беруге қажетті жаңа құрылғылармен толықты.  Жиын соңы марапаттауға ұласып, кәсіподақ ұйымы  ұстаздарға  шипажайға жолдама берді.300 ге жуық түлекке дастархан жайылып, Қ.Шаңғытбаевтың «Ой жігіттер ай»  қойылымы  мектеп түлегі режиссерлығымен сахналанды. Кеш  мерекелік концертке ұласып, от шашумен аяқталды.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар