ШҰҒЫЛ! COVID-19: 9 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ҚОС КӨПІР

14:12, 29 шілде 2020

 Екі ауылды жалғайтын қос көпір пайдалануға берілді. Бұған дейін Ақжар - 2 мен Қарғалы ауылдарының тұрғындары көктем сайын басын қатерге тігіп, өзенді кешіп өтетін. Енді қиын күндер артта қалды. Айналма жолға да уақыт жоғалтпайды. Тұрғындардың қуанышымен бөлісіп келген тілшіміз Дархан Мектепбай көпір мен оның құрылысы туралы айтып береді. 
Қарғалы мен Ақжар-2 ауылының тұрғындары енді осы жаңа көпірмен жүретін болды. Игілікті істің бітуіне жергілікті кәсіпкерлер қолдау білдірген. 
Ақжар-2 ауылының оқушылары Қарғалыдағы мектепке бару үшін осы өткелден өткен. Тұрғындардың айтуынша, көктемгі су тасқыны кезінде ескі көпір жарамсыз болып қалады. Олар амал таусылғанда айналма жол арқылы жүруге мәжбүр. Бүгін көпірдің іске қосылғанын көріп, ризашылықтарын білдірді. 
Жалпы қос көпірдің құрылыс жұмыстары үшін 2 млн-нан астам қаржы жұмсалған. Темірден жасалған көпір ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қолданылады деген сенім бар. 

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
20:00, 4 желтоқсан 2020
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар