ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ

19:31, 21 тамыз 2019

Қылмыстық және әкімшілік сот ісінің 46 пайызы электронды форматта жүргізіледі. Саладағы цифрланыру жұмыстары қарқынды. Бұл туралы бүгін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі облыстық басқарма басшысы баспасөз мәслихаты барысында айтып берді. Цифрландыру бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі облыстық басқарма  негізгі 3 жобаны қолға алды: барлық қылмыстық істер туралы мәліметтер  электронды форматқа ауыстырылып, әкімшілік құқықбұзушылық деректері  бірыңғай реестрге тіркелді. Сандық жобаның іске асқанына екі жыл.

СЕРІК ӘБДЕНОВ /ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАНЫҢ БАСТЫҒЫ

- облыс, қала басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп, тиісті қаражат бөлінді. Қажетті құралдарды алдық, ішкі істер органдарының қалалық бөлімшелерінде  82 жұмыс орны ашылды, сондай-ақ  аудандық бөлімдерде де бұл жүйе іске қосылды. 

Қазіргі таңда ауыр қылмыстарды тергеу  де электронды жүйеде жүргізілуде, мұндай істер 18 пайызды құрайды. Мамандардың айтуынша, электронды форматта жұмыс жасаудың артықшылығы мол. Уақыт үнемделіп, сала мамандарының жұмысы жеңілдейді. Мәселен, жыл басынан жол полициясы 63 мыңнан аса хаттаманы электронды нұсқада толтырған. Биыл 130 планшет алынды. Азаматтарға қолайлы болуы үшін "Qamgor.gov.kz" сайты іске қосылды. 

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
20:45, 23 қазан 2019
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 10 2019 толық нұсқа
Толығырақ...
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...