ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚҰЛПЫТАСТАР СЫРЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ

17:50, 9 тамыз 2019

Қобдадағы Абат-Байтақ мавзолейі маңында 200-ден астам құлпытас бар. Ғалымдар 40 жыл бойы зерттеп келеді. Әлі де жалғасуда. Ақтөбе өңіріне арнайы экспедициямен келген алматылық жазуларды оқып, тасқа қашалған таңбаларын саралап жатыр. Абат-Байтақ мавзолейі жанындағы үш қорымда 260 құлпытас бар. Мавзолей 14 ғасырда сақ-сармат дәуірінде салынған. Құлпытастар да сол заманың көрінісі. Оң жақтағы қорымда адай мен шекті тайпасының өкілдері жерленген. Тарихшылардың айтуынша, олар өткен ғасырдың 28-ші жылдарында Тайсойғаннан Кеңес үкіметі кезінде Қобда жеріне күштеп көшірілген. Сол жағында алты ата әлім руларының моласы, ал мавзолейдің алдыңғы жағында 20-шы ғасырдың аяғы мен 21-ші ғасырдың басындағы бейіттер бар. Бір қорымдағы құлпытас архитектуралық жағынан екіншісін қайталамайды. Әрбірінің өз ерекшелігі бар. Мәселен, тарақты табынның мына құлыптасының төбесіндегі тас айналады. Оның сыры белгісіз. Барлық құлыптастағы бір ғана ұқсастық адамның тегі, руы арабша жазылған. Ал, алматылық зерттеушілер "Олардың еліміздегі басқа аймақтарындағы дәл осындай құлпытастардан айырмашылығы айтарлықтай",- дейді. 100-ден астам жазуды оқыған ғалымдардың айтуынша, қорымдағы құлпытастар өлген адамның тегінен толықтай хабар береді. Ұлы даланың тарихы мен мәдениетіндегі эпиграфиясын зерттеп-зерделеуші ғалымдар бұл қорымда дін өкілдері жоқтың қасы дейді. 115 құлпытастың екеуі ғана Меккеге барып қажы атанған дін қайраткерлеріне тиесілі екен. Бұл құлыптастардағы жазуды жергілікті ғалымдар оқып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударған. Алайда, қаржының жоқтығынан жинақ қылып жарыққа шығара алмай отыр. Осы ғылыми сапарында алматылық ғалымдар 260 құлпытастағы жазуды оқуға ниетті.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
21:14, 6 желтоқсан 2019
ТҮНДЕ КӨШЕДЕ ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
18:29, 5 желтоқсан 2019
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН БАЛАЛАР ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ
Толығырақ...