ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

ҚҰМАЙ ТАЗЫ КӨРМЕСІ ӨТТІ

19:34, 22 наурыз 2019

Ақтөбеде жеті қазынаның бірі құмай тазы ұстап, аңға қосып жүрген бірлестіктер бүгін орталық стадион алдына жиналды. Мақсат-қала тұрғындарына тазыны насихаттау. Өзге итке қарағанда жүйрік, сенімді серік, төрт түлік бағуға да тазының пайдасы бар. Көрмеге 30 дан астам тазы ит әкелінді. 

Құмай тазыны халқымыз ежелден аңшылыққа пайдаланған. Бүгінде көненің көзіндей болған сол асыл тұқымдылар жойылмай, сақталып келе жатқан жайы бар. 

Ақтөбеде "Тазы жанашырлары" атты бірлестік бар. оған 50 ге жуық адам мүше. 100 шақты тазы бар.Бірақ оның барлығы таза құмай тазы емес, 60ның ғана қаны таза. Қоғамдық бірлестік енді олардың санын көбейтіп, тұқымын асылдандырмақ. "Қазақтың тазысы" деген патент алып. 

Мынау -Ғабит Сейітжановтың 4 жасар Сипар атты тазысы. республикалық, халықаралық жарыстарда жүлдегер болған. Бұл тазы барлық талапқа сай. Мамандар оның дене бітімінен бастап, қанының тазалығына дейін тексеріп алған. Сипар биыл 2 қасқыр алған. 

Тазы асырып отырған ақтөбеліктер патент алуды көздеп отыр. Мұндағы мақсат-пайда емес, ұлттық брендті өзгенің меншігіне бермеу. Өйткені, қазақтың құмай тазысына шетелдіктердің қызығушылығы зор. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
22:06, 20 маусым 2019
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21:49, 20 маусым 2019
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
21:41, 20 маусым 2019
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар