ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

КҮМІС ЖҮЛДЕ ҚАНЖЫҒАДА

12:20, 12 қазан 2020

 "Ақтөбе" командасы шағын футболдан өткен ел кубогының күміс жүлдегері! Өткен аптада елорда төрінде өткен жарыста жерлестеріміз жақсы ойын өрнегін көрсетті. Топтық кездесуде қара үзіп шығып, ақтық сында ғана алматылық "Қайратқа" жол берді. 
Жүздерінен қуаныш лебі сезілген аяқдопшы жігіттердің кеудесінде күміс медал жарқырай көрінді. Дүбірлі додаға жерлестеріміз небары 3 апта ғана дайындалған. Жаңа жаттықтырушы баптаған жаңа құрамның аз уақыттағы бұл ойыны үлкен жетістік. Топтық кездесуде қарсылас шақ келтірмей, жартылай сында Рудный қаласының "Аят" командасынан айла асырған.
Ұжымға өз шеберлігімен көзге түскен жергілікті жастар да қосылған. Команда сапында шетелдік ойыншылар да бар

ДЭО  АНДРЕО  ЖУСТИНЬО
Жақсы ойын болды деп ойлаймын. Қарсыластардың шеберлігін жоғары бағалаймын. Бәрі де мықты ұжым. Өзіме "Қайратпен" болған ақтық ойын ұнады. Командадағы жігіттердің үздік ұжымнан тәжірибе алғаны сөзсіз. Жақсы жетістік үшін жұмыс істей беретін боламыз.
Айта кетейік, ақтөбелік аяқдопшылар осы жетістігі арқылы Еуропалық лигада ойнауға мүмкіндік алды. Жарыс қараша айында басталады.

Дархан Мектепбай

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
21:48, 23 қазан 2020
ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
Толығырақ...