ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

Қурайлы ауыл тұрғындарының мәселелері тыңдалды

13:54, 13 қараша 2017

Облыстық басқарма, департамент басшылары Қурайлы  селолық округінің тұрғындарын қабылдады. Жол, қоғамдық көлік секілді көпшіліктің бас ауыртар мәселесіне айналған өзекті сауалдарға жауап берді.

Елдімекен тұрғындарының қордаланған мәселелері көп. Таңсәріден  қаблыдауға асыққан тұрғындар көп болды. Негізінен жұмыспен қамту, жерге қатысты жеке сұрақтарымен келген Қурайлының тұрғындары абаттандыру, жолды жөндеу секілді мәселе туралы жеткізді.

ҚҰРАЛАЙ ҚАРТАМАҒАМБЕТОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

- Бізде жолдың жағдайы өте нашар. Мен осы сұрақпен келіп отырмын. Қашан шешілетінін білгім келеді. Былтыр қиыршық тас төсеп кетті. Алайда тас өте ірі. Көліктердің  жүруі, ауылға кіріп шығуы қиын. Мамамандар осы қабылдауда бұл проблеманы шешіп береміз деп жауап берді

Қабылдауда қойылған әрбір сауал жауапсыз қалмайды деді  басқарма басшылары. Шара кезінде тұрғындарға  мемлекеттік бағдарламалар туралы да ақпарат  берілді. Арыз шағымдардың жауабы  жауап сол бойда беріліп жатты. Дегенмен, бірсыпыра мәселенің шешімін күтуге тура келеді

Бұған дейін мұндай көшпелі қабылдаулар Благодар мен Қарғалы  селолық округтерінде ұйымдастырылған болатын. Прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік кірістер департаменті, жұмыспен қамту орталығы, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы, құрылыс басқармаларының басшылары 50-ден астам ауыл тұрғынын қабылдады. Келесі қабылдау Новый және Сазды ауылдық округтерінде өтеді.

Ұлағат Арғын

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ  ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
20:05, 15 маусым 2018
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
19:42, 12 маусым 2018
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...