ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

Қурайлы мен Саздыда 90 үй салынып жатыр

16:16, 17 шілде 2017

Қурайлы мен Сазды ауылында құрылыс қарқынды. 90-ға жуық үй салынып жатыр.

Жергілікті билік жер бөліп, құрылыс бұйымдары үшін қаржылай қолдау көрсетті. Қарапайым халық та қарап қалған жоқ. Асарлатып қол көмегін көрсетуде. Су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау әлі де жалғасуда. Қазір құрылыс жұмыстары түрлі деңгейде. Бірі шатырын көтеріп алса, енді бірі қабырғасын қалап жатыр. Ішкі сылаққа кіріскендер де бар. Бұл жұмыстар қазан айының ортасында аяқталуы тиіс,-деді құрылыс барысын көрген өңір басшысы. Қурайлы және Сазды ауылдарынан көктемгі су тасқынынан  зардап шеккендерге 70 жер телімі берілді. Бұл жерлерде қазір құрылыс қарқынды. Үйлер салынып, бірнеше көше пайда болды. Жұмыс барысын көрген өңір басшылығы газ, су мен жарық барлық учаскеге түгел кіргізілуін тапсырды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

 -Басты міндет - үйлердің құрылысын қазан айының ортасынан кешіктірмей аяқтау. Қазақтар əрқашан бір біріне көмектескен, барлық туыстары, достары "асарлатып" көмектесулері керек. Біз қажет болған жағдайда əрбір отбасыға материалдық жағдайына байланысты қосымша жəрдем беру мəселесін қарастыратын боламыз.

Ақтөбеде табиғи апаттан зардап шеккен 89 отбасына жер учаскесі берілді. Баспана салу үшін 1 миллион теңге көмек көрсетілді. Бұдан өзге, 22 отбасыға пəтер кілті  табысталды. Құжаттары суда кеткендерге "Қолғанат Ақтөбе" қайырымдылық қоры  61 миллион 600 мың теңге материалдық көмек көрсетті. Қаражатты 585 шаңыраққа бөліп берді. Қурайлы мен Саздыға қоныс аударғандарға қолдау құрылыспен шектеліп қалмайды. Олардың орнығып кетуі де басты назарда.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

- Мына құрылыстар біткеннен кейін, қарау керек, жер учаскесін алып, ауыл шаруашылығымен айналысу керек. Егін егіп, мал ұстау қажет. Сол кезде жағдай жақсарады.

Қоныстанушылардың жаңа мекенге бейімделуіне барлық жағдай жасалмақшы. Кәсіппен айналысам дегендерге, құқықтық қолдау көрсетіледі. Кеңес, бағыт-бағдар беріледі. Ал әр салада еңбек еткендер мүмкіндігінше жұмыспен қамтылатын болады. 

Гүлбағда Қайратқызы, Самат Қалекенов

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...