ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ҚҰРАҚ КӨРПЕГЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

20:35, 3 наурыз 2020

 Нәзік жанды аруларымыз да өңірде шағын бизнесті дамытып отыр. Олар ана жолын қуып, ұлттық нақышта қыз жасауын дайындауды кәсіпке айналдырған. Ақтөбелік Гүлбаршын Накешова мен Тұрсын Бегенова бес саусағынан - өнер тамған шеберлер. Бірі тігін цехын ашып, кәсібін кеңейтті. Енді бірі тапсырысты үйінен қабылдайды. Тігіншілердің туындылары мен табысы келесі бейнематериалда... Гүлбаршын Накешова тігіншіліктің қыр-сырын интернет арқылы үйреніп алды. Кейін еңбек биржаның жолдамасымен тігін курсына барды. Алғашқы тапсырысты дос, таныстарынан қабылдады. Бүгінде құрақ көрпенің шеберіне айналған көпбалалы ана тұрақты тұтынушыларын тапқан.   
ГҮЛБАРШЫН  НАКЕШОВА
КӘСІПКЕР 
 Бұрын тек жолдасым жұмыс істеді. Жалдамалы пәтерде тұрдық. Іс тіге бастағанда мүлде кіріс болмады. Тек шығынды есептеп отырдым.  Айналамның барлығы, тіпті туған-туыстарым мен достарымның өзі маған сын айтып, еңбегімді бағаламады. Сырт көз сыншы. Бәлкім, қолымнан келмейтін шығар деген ой да болды. Бірақ берілмедім. Үнемі ізденіп, қателігімді дұрыстадым. Табандылығымның арқасында мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
Тұсаукесеу, шілдехана және қыз жасауына арнап тапсырыс беретіндер көп. "Бұл қазақ халқының ұлттық дәстүрін сақтап, жалғастыруға өз септігін тигізетін қолдау" дейді шеберлер. Ал, мынау кәсіпкердің тігін цехы. Мұнда 10 адам жұмыс істейді. Цех иесі Тұрсын Бегенова 5 жыл бұрын өз кәсібін кеңейткен. Қыз жасауын дайындайды. Тұтынушылары көп. Еліміздің өзге аймақтарынан тапсырыс қабылдап, тіпті көрпелері сыйлық ретінде Канада, Ұлыбритания, Германияға жөнелтілген.  
ТҰРСЫН  БЕГЕНОВА
КӘСІПКЕР 
 Бастысы - қорықпау керек. Себебі қорқыныш адам бойын билеп, кедергі болуы мүмкін. Екіншіден, көрпені өзіңе  арнап тіккендей бар күш-жігеріңмен жұмысқа кірісу қажет. Сол кезде сапасы да жоғары болады. Ал тұтынушы ұнаса алғысын айтып, өзгерлерге де сенің жұмысыңды ұсынады. 
Еңбек түбі - береке. Екі кәсіпкер әйелдің пікірі мен мақсаты осыған саяды.

Әсел Самбаева

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар