ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ҚҰРБАН АЙТ- ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІК МЕЙРАМЫ

21:13, 8 тамыз 2019


Екі күннен соң күллі мұсылман жамағаты  үшін ең ардақты мерекелердің бірі Құрбан айт басталады! Әдеттегідей, таңғы сағат жетіде мешіттерде айт намазы оқылады.  Одан соң арнайы белгіленген орындарда  құрбандық шалынады. Алла үйінің алдына киіз үйлер тігіліп, дастархан жайылады. Ал мешітке тапсырылған еттерді қалалық әкімдік мүқтаж жандарға үлестіріп береді.Құрбан Айт - мұсылмандардың ең қасиетті мейрамы.  Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Биыл мейірім мейрамы тамыздың 11-де басталады. Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Бұл күні жағдайы келетін жандардың құрбан шалуы ең ізгі амалдардың бірі саналады.Яғни,  айт күні  мұсылман баласы таңмен ерте тұрып, таза киімдерін киіп, хош иіс әтірлерін сеуіп, мешітке барады. Ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірінің үйіне айттап қыдырады. Ақтөбеде айт мейрамы жылдағы дәстүр бойынша сән-салтанатпен атап өтілмек. Мешіттердің алдына киіз үйлер тігіліп, келген жамағатқа дастархан жайылады. Жастар жағы  ұлттық спорттық ойындар ойнап, мерекенің көркін қыздырады. Ал дін өкілдері, биыл  құрбан айттың алғашқы күнін қайырымдылықпен бастағалы отыр.  Имамдар "мектепке жол" акциясына үлес қосып,200 балаға қажетті оқу құрал-жабдықтарын сыйламақшы.Қала бойынша 5 нүктеде, яғни  мал базарында 2 жерде, Жаңақоныс, Заречный елдімекендерінде және 41- разьезде "Айбек" ет сою алаңында құрбандық шалу рәсімдері өтеді. Қасапшылар, бата беретін дін қызметкері, қаласа етін қабылдайтын әкімдік мамандары да сол жерден табылады.  Биыл бір ірі қараның құны  250-300 мың теңгенің шамасында. Ал, қойдың құны 40-45 мың теңге. Дін өкілдері мереке күндері мал бағасын шарықтатпай, ашкөз болмауға шақырады.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...