ШҰҒЫЛ! СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫНА ТАЛАП КҮШЕЙДІ

17:11, 16 сәуір 2018

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Қарғалы" тұрғын үй алабының дамуымен танысты. Көшпелі кеңеске "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы үйлерді салып жатқан мердігер компаниялар басшылары шақырылды. Кеңестен соң, өңір басшысы қалалық ипподромда өткен атжарысты және ауыл шаруашылық жәрмеңкесін көрді.

Көктем шығысымен "Нұр Ақтөбе" ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алып, аумақты абаттандыру жұмыстары басталды. Алғашқы үйлері биыл ақпанда пайдалануға берілген 4-ші шағын ауданда 900 орындық мектеп салынып жатыр. Осы жерде жылу қазандығының құрылысы жалғасуда. Күзде аяқтап, пайдалануға береді.

Бұдан соң, Бердібек Сапарбаев энерготиімділік орталығына барды. Бұл жобаның құрылысы ұзаққа созылған болатын. 2016 жылдың желтоқсанында ғимарат республикалық баланстан облыс әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді. Қазір құрылыс аяқталуға жақын. Бұл ғимаратта тағы бір "Халықтық кеңсе" ашылады, ішкі істер департаменті жедел басқару орталығы, қаланың инженерлік желілермен қамтылуын бақылау орталығы орналасады.

Сондай-ақ тұрғын үй массивінде Есет батыр Көкіұлының ескерткіші тұрғызылады. Монумент айналасында тұрғындардың демалысына арналған алаңқай, шағын саябақ болады. Ал бірінші ықшам ауданда Бердібек Сапарбаев "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы үйлерді салып жатқан мердігер компаниялар басшыларының қатысуымен көшпелі кеңес өткізді. 

Өңір басшысы баспана құрылысының сапасына ерекше көңіл бөлді.

Бұдан соң, облыс әкімі қалалық ипподромда өткен атжарысты және ауыл шаруашылық жәрмеңкесін көрді. Жәрмеңкеде ақтөбеліктер нарық құнынан 10-15 пайызға төмен бағаға ет-сүт өнімдерін, көкөніс, кондитерлік өнімдер сатып алды. Жалпы 100 тонна жуық азық-түлік сатылды. Спорттық ойындарды көруге келгендер үшін де бұл күн жақсы демалыс болды. Бәйге, теңге ілу, көкпар сияқты ұлттық ойындарды тамашалаған жанкүйерлер мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылса деген тілек білдірді. Ал жергілікті шаруа қожалықтары осы жерде қымызхана ашты. Жаз бойы жұмыс істейтін қызымханаға олар көпшілікті шақырып, киіз үйлерде қымыз бен шұбат ұсынды.

Тақырып бойынша материалдар

КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
19:51, 25 сәуір 2018
КАМАЗ КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІН АТЫП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СПЕЦИАЛИСТЫ  ИЗ  РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ  ЗРЕНИЕ  АКТЮБИНЦЕВ
17:45, 24 сәуір 2018
СПЕЦИАЛИСТЫ ИЗ РОССИИ ПРОВЕРЯЮТ ЗРЕНИЕ АКТЮБИНЦЕВ
Толығырақ...
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР
16:47, 20 сәуір 2018
АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРДЫҢ БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ГРАНТ ҰТЫП АЛУ МҮМКІНД...
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
18:03, 23 сәуір 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Толығырақ...