ШҰҒЫЛ! КӨШЕ САУДАСЫН ДАМЫТУҒА 250 ЖЕР ТЕЛІМІ БӨЛІНЕДІ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19:42, 12 маусым 2018

Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияны енгізу мәселесі бүгін облыс әкімдігінде талқыланды. Аудан әкімдері, басқармалардың, компаниялардың басшылары, жобалаушылар қатысқан жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев саладағы кемшін тұстарды атап, түзетуге уақыт берді.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновтің мәліметі бойынша, "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Нұр Ақтөбе" ауданында әртүрлі технологияларды қолдану арқылы көп қабатты 144 үй салынды. Биыл 36 үй пайдалануға беріледі. Құрылыстарды, үйлердің аулалары, инфрақұрылым нысандары "ақылды" жүйе арқылы басқарылатын құрылғылармен қамтылуда. Өңірде 3D форматындағы автоматтандырылған ақпараттық жүйе орнату мәселесі өзекті. Облыс әкімі тұрғындардан түсетін арыз-шағымдарды есепке алу керек деп ескертті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

 -Халықтан жол, тазалық, жағымсыз иіске қатысты сұрақтар қайта-қайта түседі. Біздің бақылаушы органдар қайда қарап отыр? Жағымсыз иісті жою үшін "Ақбұлақ" кәріз жүйелеріне арнайы құрылғы орнатты. Кәріз суларын қабылдайтын үш станция іске қосылды. Жалпы сомасы 209 миллион теңгені құраған станциялардың елімізде баламасы жоқ деп отырмыз. Ал халық үшін не өзгерді? Ақтөбенің бас жоспарына сай құрылысқа талапқа сай заманауи материалдар ғана пайдаланылу керек. Ол үшін жобалаушылармен, дизайнерлермен жұмыс істеу қажет. 

Ақтөбеде 40-қа жуық саябақтар, скверлер, гүлзарлар бар.  Екі жылда 10 сквер жаңғыртылып, 11-і пайдалануға берілді. Тұңғыш Президент атындағы паркті жаңарту жоспары бар. Әбілқайыр хан даңғылында және ескі қалада бірнеше жол өтпесін салу жоспарланған. Облыс әкімі жұмыстардың тиімділігі төмен, қала билігі әлі күнге дейін көшелерді жарықтандыру мәселесін толық шешпей отыр деп сынады.

Биыл Мәртөк ауданында желден қуат алатын құрылғы, Қарғалы ауданында жел электр станциялары пайдалануға беріледі. Ал Ақтөбе қаласында жобалық қуаты 100 генераторға жететін жел генераторлары өндірілетін зауыт іске қосылмақ. 84 миллион Евро инвестицияланатын бұл зауыт 500 адамды жұмыспен қамтиды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР
20:26, 10 тамыз 2018
730 МЫҢНАН АСТАМ АҚТӨБЕЛІКТІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ...
Толығырақ...