ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

17:32, 24 шілде 2020

 Өндірісі мен әлеуметтік саласы қатар дамыған - Хромтау. Елдегі ахуалға қарамастан мұнда құрылыс  қарқыны бәсеңдеген емес. Жаңа оқу жылында спорт кешені мен балабақша ашылса, халық игілігі үшін демалыс орындары мен субұрқақ қолданысқа берілмек. Ауданның күннен күнге көрейіп кел жатқанына тұрғындары куә. Толығырақ Хромтауға барып келген тілшіміз Гүлия Айтуғанова жалғастырады. 
Гүлмен көмкерілген саябақ. Демалыс орталығы. Балалар алаңсыз, шат-шадыман. Биыл ауданда мемлекеттік бағдарламалар аясында бірқатар жоба іске асырылып жатыр. Саябақтар қалпына келтірілуде. 
Ауданда 5 сквер бар. Абай көшесінде орналасқан мына демалыс орны 8 гектар аумақты қамтиды. Тұрғындардың демалып,серуендеуі үшін тамыз айының аяғында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. 
Көздің жауын алатын ерекше көрініс. Ауданда 120 көп қабатты тұрғын үй бар. Абай мен Әуезов көшесі бойындағы үйлердің қасбеті боялды. Ал мына қабырғаға салынған сурет көпшілікті алыстан сүйсіндіреді. Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдегі бұл мурал - белгілі медицина қызметкері Қалихан Қозбағаровтың құрметіне салынған.
Енді аудан тұрғындары балабақша кезегіне тұрып, әуреге түспейді. Қаладағы 22-ШІ ықшам ауданға 320 орынды балабақша салынып жатыр. Мұнда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
Сондай-ақ биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 5 қабатты 60 пәтерлі екі тұрғын үй салынады. Ауданда бұқаралық спортты дамытуға жіті көңіл бөлініп келеді. Оның бір дәлелі 2 қабатты спорт кешенінің салынуы. Жаңа нысанның ашылуы жұртшылықтың, жастардың спортпен шұғылдануға серпін берері сөзсіз. 

Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі
09:19, 2 тамыз 2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі кө...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар