ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІН АТАП ӨТТІ

19:19, 12 тамыз 2019

Соңғы бес жылда Ақтөбе облысында 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 25 мың адам баспаналы болды. Бұл туралы құрылысшылардың кәсіби меркесінде облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин мәлімдеді. ҚР Тұңғыш Президент атындағы саябақта өткен салтанатты кеште сала мамандарына құрмет көрсетіліп, үздіктер марапатқа ие болды. Құрылыс индустриясы - экономиканың негізгі діңгегі. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Кейінгі жылдары бүкіл республика бойынша, оның ішінде біздің қаламызда да құрылыстың қарқыны жоғары.  Соңғы бес жылда өңірде 3 миллион шаршы метр тұрғын үй салынған. 25 мың адам жеке пәтерге қол жеткізді. Жергілікті құрылысшылар биыл жыл соңына дейін тағы  1 млн шаршы метр тұрғын-үйді салуды жоспарлап отыр.Құрылысшылардың кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған кеште сала мамандарын  облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин құттықтады. 100-ге жуық үздік  құрылысшыға алғыс хат пен ақшалай сыйлықтар табысталды. Ақтөбе қаласы мен облыстағы құрылыстың басында жүріп, өңір дамуына өз үлестерін қосқан 5 маман "Құрметті құрылысшы" төсбелгісін тақты. Мереке иелерінің құрметіне қала орталығында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Қазақстанның эстрада жұлдыздары ән шырқады.Сондай-ақ, мерекеге орай,  «AQTOBE - EKIDEN» жеңілатлетикалық жарысы өтті. Спорттық додаға  әрқайсысы 6 адамнан 34 команда қатысып,  бақ сынады.Экиден - бұл тас жолда жүгіру бойынша  спорттық корпоративті жарыстар. Сайыс  екі санат бойынша, корпорация және достар эстафетасы болып бөлінді. Мұндай шара әртүрлі сала мамандарын бір арнаға тоғыстырып, спортпен айналысуға және өзара байланыста жұмыла еңбек етуге үндейді.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар 30,60 және 90 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Гүлдана Абайқызы,

Тақырып бойынша материалдар

ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
20:17, 20 қараша 2019
ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...
 ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ КҮНІ
20:06, 19 қараша 2019
ЗЫМЫРАН ӘСКЕРЛЕРІ МЕН АРТИЛЛЕРИЯ КҮНІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
18:54, 15 қараша 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖҰМЫСШЫЛАР ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...