ШҰҒЫЛ! КӨЛІГІН ТІРКЕДІ Толығырақ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

18:18, 17 қазан 2019

Құтқарушылар кәсіби мерекесін атап өтті. Қазақстанның мерекелер күнтізбесіне енген құтқарушылар күні 2008-ші жылдан бері аталып келеді. Бүгін Ақтөбедегі Шығармашылық академиясында салтанатты шара өтіп, төл мереке иелерін облыс әкімі Оңдасын Оразалин құттықтады. Салтанатты шара басталмас бұрын аймақ басшысы Шығармашылық академиясының алдында ұйымдастырылған   арнаулы  техникалар көрмесін аралады. Мұнда өңірдің төтенше жағдайлар қызметінің техникалық әлеуеті көрсетілді. ҚР-ның мемлекеттік органдар жүйесінде төтенше жағдайлар қызметі 1995-ші жылдың 19-шы қазанында құрылған болатын. Бүгінде төтенше жағдайлар қызметі-алып кәсіби құрылым. Өңірдің құтқарушылары төл мерекелеріне мол жетістіктермен жетті. Материалдық-техникалық база нығайып, салаға мемлекет тарапынан зор қолдаулар жасалды. Атап айтсақ, жергілікті бюджеттен 500 миллон қаражат бөлініп, техника сатып алынды. Адам қауіпсіздігі -құтқарушының басты қағидасы дейді Мұңалбек Құлымбай.  Азаматтық қорғау сласының кіші сержанты Байғанин ауданы, Қораши ауылында туып-өскен.   Ақтөбе қаласы мамандандырылған өрт сөндіру  бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы. Жас жігіт "төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Ол  1-ші қазанда Прохоров көшесіндегі үйліердің бірінде болған өрттен  бүтін бір отбасын алып шықты.  Мұңалбек өрт сөндірушілер әулетінің өкілі.   Мұңалбек сияқты құтқарушылардың бір тобы облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қолынан марапат алды, сондай-ақ, қала әкімі, министрлік пен департамент бастығы атынан алғыс хаттар, құрмет грамоталары, төсбелгі мен орден, әскери атақтар берілді. Өңір басшысы 6 автотехниканың кілтін табыс етті. Жыл басталғалы құтқарушылар 3 мыңнан аса шақыртуға барып, 700-ге жуық адамды құтқарды. Төтенше жағдай болған аумақтардан 2 мыңдай адам  қауіпсіз жерге шығарылды.

Венера Серғазы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды
19:21, 8 шілде 2020
Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден...
Толығырақ...