ШҰҒЫЛ! Оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады Толығырақ

Қыс бойы жолдар бақылауда болуы керек

16:36, 6 желтоқсан 2017

Облыс әкімі қыс айларынды жолдардан қарды жауған бойда  тазалап отыру керек деп тапсырды. Жергілікті және республикалық маңызға ие жолдардың қарын аршу, күтіп ұстау мәселесі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиында талқыланды.

Өңірде жолдың жалпы ұзындығы 6 984 шақырым. Оның ішінде бес мың шақырымнан астам жергілікті маңызға ие жолдарды күтіп ұстаумен 212 техникасы бар 34 кәсіпорын айналысады. Жауапты басшылар "көктайғаққа қарсы инертті материалдардың және дизельді отын қоры жеткілікті", - деп отыр.

Ал "Қазақавтожол" мекемесінің облыстық филиалы 1724 шақырымға созылған республикалық жолдардың тазалығына жауапты.

Айта кету керек, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, жолдардың қыстағы күтіміне қатысты жағдайды, мердігерлердің арнайы техникаларының сапасын осыған дейін құрылған комиссия тексеріп шықты. Өңір басшысы бақылауды босатпай, қыс бойы қадағалап отыруды міндеттеді. 

Айгүл Байменова

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
20:12, 13 желтоқсан 2017
Мемлекеттік қызмет сапасы бақылауда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
18:11, 7 желтоқсан 2017
Бүгінде жетім балалардың саны азайып келеді
Толығырақ...
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
15:14, 11 желтоқсан 2017
Жас таэквондошылар ашық турнир өткізді
Толығырақ...