ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ

16:12, 12 қазан 2020

 Қыста жолдарды қардан аршитын компанияларға талап қатал. Көлігі жоқ, жұмыс күші аз мердігер болмауы тиіс. Қыстың қамын ойлаған қала әкімі демалыс күні қар тазалайтын компанияның дайындығын тексерді. Техникалық базасын көріп, жұмыс барысымен танысты. Қыс айларында жол күтімімен айналысатын мердігердің мүмкіндігін бағамдады.  
Бұл компания Әуеқалашығы, Сүт зауыты ауданы, Сазды мен Бауырластар елдімекендерін қыста қардан тазалайды. Алты жылдан бері ақ ұлпадан арылтып келеді. Көлігі, жұмысшысы, инертті материалдары әзір. Биылғы талап жаяу жүргінші жолдарындағы омбы қар да уақытылы аршылып тұруы тиіс. 
Шаһар бойынша қыстың күні 651 шақырым жол қардан аршылуы тиіс. Бұл 5,8 миллион шаршы метр аумақты құрайды. Оны тазалау, күтіп ұстау 7 мердігер мекеменің міндетіне кіреді. 200 арнайы техникасы сақадай сай. Бұдан бөлек көктайғақтың алдын алу үшін жолға себетін 600 тонна тұз, 1000 тонна тұз аралас құм әзірленген. Жақын күндері тағы 400 тоннасын әкеледі деп күтілуде.  
АСХАТ ШАХАРОВ
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
 Жаздың күні жол жиектерін қалай тазаймыз, қыста да дәл солай мұнтаздай ету керек. Биыл көп жол жөнделді. Енді оларды күтіп ұстау маңызды. Сондықтан уақытылы қардан тазаланып тұруын қатаң бақылауға аламын. Қазгидромет ауа райы туралы ақпарат кемінде үш сағат бұрын береді. Осыған сәйкес, қар тазалайтын көліктер дайын тұруы керек.   
Қала әкімі бұл жолы бір ғана компанияның дайындығын тексерді. Қалған алтауы да назардан тыс қалмайды.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...