ШҰҒЫЛ! ЕҢ ҮЗДІК ЕТ - 2019 Толығырақ

ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ДАМЫТУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ

17:51, 11 қаңтар 2019

"Ақтөбе" жастар хоккей командасы Қазақстан чемпионатында жеңіліссіз ойындарын жалғастыруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов мәлімдеді.

28 жылдан кейін қайта құрылған "Ақтөбе" хоккей командасы - былтырғы жылдың спорт саласындағы басты жаңалық болды. Өз алаңында бірнеше ойын өткізіп, жеңіске жетті. Бүгінгі күні республикалық жастар лигасында ақтөбелік ойыншыларда 53 ұпай бар. Оның ішінде 18 кездесу жеңіспен аяқталды.  

Хоккейдің қайта жандануы аймақта қысқы спорт түрінің дамуына оң септігін тигізді. Бүгінгі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен өңірде тиісті инфрақұрылымды кеңейтудің жоспарлы жұмыстары жүргізілуде. Тәуелсіздік жылдары алғаш рет Ақтөбеде «Олимп» хоккей модулі ашылды, онда 630 бала шайбалы хоккеймен, шорт-трекпен және мәнерлеп сырғанаумен айналысады. 2018 жылы МЖС аясында словак инвесторларының қатысуымен құны 3,8 млрд.теңгеге Мұз сарайы салынды. Жалпы, қысқы спорт түрлерімен айналысатын балалар санын 1500-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, қаңтардың 13-14 және 18-19 аралығында Мұз айдынында кезекті ойындар өтеді.  «Ақтөбе» жастар командасы «Мұнайшы» және «Барыс» командаларымен кездеседі.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...