ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ Толығырақ

Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті

16:45, 14 қыркүйек 2017

Ақтөбеде алғаш рет футболдан қыздарға арналған ФИФА фестивалі өтті. Шараны Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастырды. Фестивальге 9 жастан 15 жасқа дейінгі 250 қыз қатысты.

Футбол фестивалін салтанатты түрде ашып берген спорт саласы өкілдері, шараның қыздар футболын дамытудағы, салауатты өмір салтын ұстанудағы маңыздылығын атап өтті.  Содан соң, қатысушылар 9 топқа бөлініп, денені ширату жаттығуларын жасады.

Әрі қарай қыздар әртүрлі ойындар ойнап, эстафетада өзара мықтыны анықтады. Әр кезеңде футбол нышандары ескерілді. Ал оларға облыс құрамасының мүшелері тәлімгер болды. Қаланың ескі бөлігіндегі 12 мектептің 250 оқушысын жинаған фестивальдің басты мақсаты - қыз балаларды футболға баулу, қызығушылығын арттыру.

Шара соңында, қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Қыздарға арналған «FIFA» фестивалі өңірдің 12 ауданында да өткізіледі. Қазан айына дейін жалғасатын спорттық шара  еліміздің 6 аймағында ұйымдастырылмақ. Ақтөбеден кейінгі эстафетаны Орал қаласы қабылдайды.

Қазіргі кезде ерлермен қоса қыздар да футболға шындап бет бұрып жатыр. Облыста бұған аса маңыз беріліп, командалар жасақталуда. Ақтөбелік спорт майталмандары, бүгінгі күні Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп жүрген 8 футболшы қызды мақтан етеді. Ақтөбе облысы құрамасының да Жоғары лигадағы жақсы нәтижелері қыздар футболын дамытуға сеп болып отыр.

Гүлбағда Қайратқызы, Самат Қалекенов

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
11:59, 1 ақпан 2018
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
16:49, 29 қаңтар 2018
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
17:30, 23 мамыр 2018
САЛЫҚТАН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕНДЕР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...